Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда басымдық берілетін автожол жобаларының...

Қазақстанда басымдық берілетін автожол жобаларының тізімі жаңа учаскелермен толықтырылды

Әлеумет 03.11.2023, 05:39 922
Қазақстанда басымдық берілетін автожол жобаларының тізімі жаңа учаскелермен толықтырылды
Сурет: Gov.kz

«ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ, өңірлердегі әкімдіктер және басқа да мүдделі ұйымдардың қатысуымен онлайн форматта өткен кеңесте Көлік министрлігінің басшысы 2024-2026 жылдары іске асырыла бастаған республикалық және жергілікті автомобиль жолдарының учаскелерін салу, реконструкциялау және күрделі жөндеудің бірінші кезектегі жобаларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің автожол саласын дамыту шеңберінде 4,7 мың шақырым республикалық желі бойынша басымдық берілген жобалар айқындалды, онда халықаралық қаржы институттары есебінен қаржыландыру көздері пысықталып жатыр», деді Марат Қарабаев басымдық берілген автожол жобаларының жоспарларын қарау барысында.



Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы республикалық жолдар желісінде Ақтөбе-Ұлғайсын-Қызылорда (І техникалық санат), Қарағанды-Жезқазған (I, II санат), «Сарыағаш қаласын айналып өту» (І санат) жобаларын бастау жоспарланып отыр. 2025-2026 жылдарға Атырау-Доссор (І санат) және Астана-Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (І санат) жобалары жоспарланған. Ал 2026 жылға Павлодар-РФ шекарасы (ІІ санат), Семей-Ресей Федерациясының шекарасы (Барнауылда (ІІ санат), Атырау-Орал (І санат), Бейнеу-Шалқар-Ырғыз (ІІ санат), Жаңаөзен-Кендірлі тасжолы (ІІ санат), «Шымкент қаласын айналып өту» (І санат), Алматы-Талғар-Бәйдібек би (І санат) және Алматы-Үшқоңыр (І санат) учаскелері жоспарланған.


Сонымен қатар министр елдің ішкі және сыртқы көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың толық әсерін қамтамасыз ету үшін жергілікті маңызы бар басым жобаларды айқындау және іске асыру талап етілетінін атап өтті. Осыған байланысты әкімдіктердің ұсынған деректері бойынша министрлік өңірлер бөлінісінде автомобиль жолдарының басым жобаларының тізімін жасады.



Аталған жоспарға уақтылы іске асыруды талап ететін жалпы ұзындығы 4,3 мың шақырымды құрайтын 95 учаске енгізілді. Оның 50 – І республикалық желінің жолдарына (1,4 мың км), ал 45-і жергілікті жолдарға (2,9 мың км) қатысты. Бұл жобаларға 2,2 трлн теңге көлемінде қаржыландыру қажет.



«Жобаларды толыққанды іске асыру және республикалық бюджетке түсетін жүктемені азайту үшін министрлік Еуразиялық даму банкі инвестицияларын тарту есебінен осы жобаларды қаржыландыру тетігін пысықтап жатыр», деп толықтырды ведомство басшысы.



М.Қарабаев уәкілетті және мүдделі мемлекеттік ұйымдар жоспарланып отырған жол учаскелеріне кіретін жерлерді уақтылы резервтеу және бөлу үрдістерін ресімдеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау сметалық құжаттаманы сапалы әзірлеу әрі қолданыстағы құрылыс карьерлерімен қамтамасыз ету мәселелерін тұрақты бақылауға алуы тиіс екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Автожол #жобалар #Тізім #жаңа учаскелер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.