AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру т...

Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру тәртібі өзгерді

Әлеумет 12.12.2025, 09:37 721 dulatbekova
Қазақстанда балаларға арналған ұйымдарды тексеру тәртібі өзгерді
Сурет: Gov.kz

Елімізде 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап мемлекеттік бақылаудың жаңа тәртібі күшіне енеді.

Бұл тәртіп уәкілетті органға мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын және балалардың тамақтануын, жатын орнын қамтамасыз ету, білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдарды қызметі басталар алдында және оны көрсету барысында кенеттен тексеруге құқық береді. Бұл бақылау шараларын жедел жүргізуге және ықтимал бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға жағдай жасайды.

Мемлекеттік бақылау «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңымен реттеледі. Ол бақылаудың арнайы тәртібін бекітіп, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейтеді.

«Кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеру тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Жаңа нормалар 2026 жылғы 1 ақпанда күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #балаларға арналған ұйымдар #тексеру тәртібі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);