ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда АПВ-ға қарсы 22 мыңнан астам қыз вакц...

Қазақстанда АПВ-ға қарсы 22 мыңнан астам қыз вакцинацияланды

Медицина 09.10.2024, 18:53 830
Қазақстанда АПВ-ға қарсы 22 мыңнан астам  қыз вакцинацияланды
Сурет: Gov.kz
Қыркүйек айының ортасынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып табылатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды.

Қыркүйек айының ортасынан бастап Қазақстанда жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы болып табылатын адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы қыздарды жалпыұлттық вакцинациялау басталды.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 17 қыркүйектегі қаулысына сәйкес жоспарлы түрде 11 жастағы қыздар вакцинациялауға жатады.  Сондай-ақ, 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған иммундау жүргізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл маңызды іс-шара елде қауіпті инфекцияның таралуын төмендетуге және онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін азайтуға бағытталған.  Қазіргі уақытта иммундау шеңберінде тиісті жастағы оқушы қыздар вакцинациялануда. Вакцинациялау мектептер мен емханалардың медициналық кабинеттерінде, ата-аналардың немесе заңды өкілдердің ақпараттандырылған келісімін алғаннан кейін жүргізіледі.

Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдердің арасында ең көп таралған екінші қатерлі ісік және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің екінші себебі болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі.  Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясы екенін дәлелдеді. АПВ вакцинасы өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін халықаралық деңгейде дәлелдеді.

Бүгінгі таңда АПВ вакцинасы әлемнің 135 елінде қолданылады. Бірқатар елдерде вакцинациялаудың арқасында әйелдердің арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.  Бүгінгі күні республика бойынша АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың күнделікті мониторингінің нәтижелері бойынша 22,2 мың бала, оның ішінде 11 жаста – 14 мың бала, 12-13 жаста-8,2 мың бала егілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.