ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда ана мен баланы қолдау мақсатында 77 мл...

Қазақстанда ана мен баланы қолдау мақсатында 77 млрд теңге төленді

Әлеумет 21.04.2022, 04:17 1,067
Қазақстанда ана мен баланы қолдау мақсатында 77 млрд теңге төленді
Сурет: Gov.kz
МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түскен орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды.

МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түскен орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды.


Жыл басынан бері Қазақстан Үкіметі ана мен баланы қолдау мақсатында 77 млрд теңге төлеген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 59,2 мың әйел жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда жалпы сомасы 33,9 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алды. Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылуына байланысты 42,6 млрд теңге сомасында 423,5 мың адам әлеуметтік төлем алды», - делінген Еңбекмині баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жоғарыда көрсетілген төлемдердің біріншісін алу құқығы жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген күннен бастап туындайды.


Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайдағы әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы жылдағы жұмыс істейтін әйел үшін МӘСҚ-ға келіп түскен әлеуметтік аударымдар мен еңбекке қабылетсіздік күндерінің санына байланысты болады.


Екінші төлемді алудың негізгі шарттары – кірісті жоғалту және бала 1 жасқа толғанға дейін нақты күтім жасау. Төлем мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар түскен орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды.


Бұл ретте осы төлемнің ең төменгі мөлшері жұмыс істемейтін әйелдерге тағайындалатын 1 жасқа дейінгі бала күтімі жөніндегі осыған ұқсас ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерінен кем болмауға тиіс.


Ең жоғары мөлшер ең төменгі жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40%-ынан аспауы тиіс.


Әлеуметтік төлемдерден 10% міндетті зейнетақы жарналары ұсталынып, әлеуметтік төлем алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.


МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлемдер туралы толық ақпаратпен https://gfss.kz/ интернет-ресурсында танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.