Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда алғаш рет ірі қара мал тұқымдары көрме...

Қазақстанда алғаш рет ірі қара мал тұқымдары көрмеге шығарылды

Әлеумет 13.07.2023, 14:27 1,088
Қазақстанда алғаш рет ірі қара мал тұқымдары көрмеге шығарылды
Сурет: Informburo.kz

 Ауыл шаруашылығы техникасы көрмесі аясында алғаш рет ірі қара мал көпшілікке ұсынылды.


«Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесін ұйымдастырушы Әділхан Сағынбаев көрме жайлы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесі оныншы рет өтіп отыр. Биылғы жаңашылдық - көрмеге ірі қара мал және оның өнімдері шығарылады. Бұған дейін пандемия болды да, ірі қараны тасымалдау қауіпті болды. Соңғы екі жылда елімізде сүт және сүт өнімдері саласы қарқынды дамып келеді. Ірі қара малды көрмеге шығару үшін шаруалар еліміздің түкпір-түкпірінен өздері алып келді», - дейді Әділхан Сағынбаев.



Оның айтуынша, халықаралық көрмеге қазақтың ақбас сиыры, отандық ангус, Әулиекөл тұқымы бойынша Шароле, Лимузин, Обрак, Герефорд сиырлар да бар.


Айта кетейік, бүгін-ертең Ақмола облысында дәстүрлі «Jańa Dala/Green Day» дала күні мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.


Биылғы шараға 19 елден 150 аграрлық кәсіби компания тіркелген.


Атап айтқанда, Австрия, Беларусь, Германия, Испания, Италия, Канада, Қытай, Қырғызстан, Нидерланд, Польша, Ресей, Сербия, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Өзбекстан, Украина, Чехия және тағы басқалар.


Көрме қатысушылары ауыл шаруашылығы технологиялары, селекциялық жетістіктер мен мал шаруашылығы саласындағы соңғы өнімдерді ұсынуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ірі мал #қара мал #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.