ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталына телефон...

Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталына телефон шалып, кеңес алуға болады

Әлеумет 09.07.2021, 10:05 1,738
Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталына телефон шалып, кеңес алуға болады
Сурет: Pinterest.ru
Себебі байланыс орталығы жұмыс істей бастады.

Себебі байланыс орталығы жұмыс істей бастады.


Қазақстанда Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы жұмыс істей бастады, онда ақпараттық-консультациялық қызметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Аталмыш орталыққа тілді таңдап, 4 санын баса отырып, бірыңғай 1414 нөмірі арқылы кіруге болады. 



«Орталық операторлары портал пайдаланушылары – мүгедектігі бар адамдар және әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады. Атап айтқанда, портал жұмысы бойынша кеңес алуға, техникалық мәселелер бойынша сұранымды шешуге, портал функцияларын жетілдіру бойынша кері байланыс алуға болады»,– делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 



Бүгінгі таңда орталықта 3 аналитик және 5 оператор жұмыс істейді, тағы 3-еуі оқудан өтуде. Байланыс орталығының жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліссіз. 


Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісінде, Telegram мессенджерлерінде және WhatsАpp пайдаланушыларына кеңес беру үшін чат-ботты іске қосу жоспарланып отыр. 


Сонымен қатар, автоматтандырылған дауыстық роботты енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл консультациялар қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жауап берілмей қалған қоңыраулар санын азайтуға және сұрау шешілгенге дейін күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді. 


Естеріңізге сала кетейік, Әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру үшін 2020 жылы іске қосылды. 


Ағымдағы жылдың басынан бастап 113 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Портал арқылы оңалтудың техникалық құралдарын, ымдау тілінің 6 мыңнан астам қызметін, жеке көмекшінің 31 мыңнан астам қызметін, 36 мыңға жуық санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды және 122 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс жасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.