ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Қазақстанда «Айбын» VII республикалық әскери-патри...

Қазақстанда «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады

Тәуелсіздік-30 29.09.2021, 05:06 1,548
Қазақстанда «Айбын» VII республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны басталады
«Айбын» әскер жасына дейінгі жастар жиыны: қатысушылар мен көрермендер үшін жаңа мүмкіндіктер

«Айбын» әскер жасына дейінгі жастар жиыны: қатысушылар мен көрермендер үшін жаңа мүмкіндіктер


ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, биылғы шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналады және 6 қазан мен 30 қараша аралығында онлайн режимінде өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жиында 14 пен 18 жас аралығындағы жастар әскери-патриоттық клубтың атынан да, жеке де сайысқа түсе алады. Қатысу үшін AppStore және Play Market қосымшасын смартфонға жүктеу арқылы «Айбын» мобильді қосымшасына тіркелу қажет.


Барлық жарыстар мен байқаулар қатысушылардың нормативтер мен тапсырмаларды орындау барысындағы видеоны мобильді қосымшаға жүктеу базасында ұйымдастырылады.



«Байқаулардың барысын интернет-қолданушылары веб-сайт және «Айбын» мобильді қосымшасы арқылы бақылай алады. Бұл жиынды өткізудің ашықтығын қамтамасыз етеді», - деді Бас штаб бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы, генерал-майор Серік Борамбаев.



Биыл жиын бағдарламасында жаңа жарыс түрлері енгізілді: «Жас сарбаз – жас тілші» атты жас тілшілер байқауы және тоғызқұмалақ ұлттық ойынының онлайн-турнирі. Алғаш рет тұрақты негізде «Жас Сарбаз Хаб» коворкинг-орталығы іске қосылады. Бұл ретте әр сенбі сайын жиын аясында шеберлік сабақтары, тренингтер, танымал адамдармен кездесулер өткізу жоспарлануда.


Жарыстың тұжырымдамасы, ережесі, регламенті онлайн-платформада орналастырылған.


Жеңімпаздарды марапаттау мен жиынның жабылу рәсімі «Егемен елдің ертеңі – Мен жас сарбаз» бірінші жас патриоттар форумы аясында 30 қарашада өтеді. Оған жүлделі орындар иеленген командалардың капитандары қатысады.


«Айбын» жиынының қатысушыларына арналған қалған сыйлықтар өңірлерге жеткізіледі және салтанатты рәсімнің онлайн-трансляциясы аяқталғаннан кейін гарнизон басшылары және ардагерлер табыстайды.


Айта кетейік, «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде де оның танымалдығы артып, өзіндік дәстүрлері пайда болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.