ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда адам саудасына қатысты үш қылмыстық то...

Қазақстанда адам саудасына қатысты үш қылмыстық топ анықталды

Заң мен тəртіп 02.11.2022, 16:32 1,072
Қазақстанда адам саудасына қатысты үш қылмыстық топ анықталды
Сурет: Baq.kz
Министрлік «Адам саудасына қарсы күрес туралы» Заң жобасын әзірлеуде

Министрлік «Адам саудасына қарсы күрес туралы» Заң жобасын әзірлеуде




Қазақстанда 4 айдың ішінде адам саудасының 30-ға жуық фактісі тіркеліп, 3 қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап хабарлайды.


ІІМ ақпарына сай, жыл сайын елде осындай 100-ден астам қылмыс тіркеледі екен. Марат Ахметжанов біздің мемлекетте адам саудасымен күресті реттейтін арнайы Заң жоқ деп отыр.


Адам саудасына қарсы іс-шара тек зардаптармен күресу болып тұр. Биыл 4 айдың ішінде бұл жайтқа қатысты 30-ға жуық іс тіркеліп, 3 қылмыстық топ ұсталған. Ал жыл сайын елімізде осы сияқты 100-ден астам факт тіркеледі екен. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов ресми статистиканың барлығы «айсбергтің ұшы» ғана екенін мойындап отыр. Ал  шын мәнінде қанша адам аталған қылмыстың құрбаны болғаны белгісіз. Сондықтан ол елде адам саудасына қатысты арнайы Заң бекіту керегін атап өтті.



«Ашығын айтқанда, көп жыл бойы ешкім бұл мәселемен кешенді айналысқан жоқ. Мұндай қылмыстарға ықпал ететін шынайы себептер мен жағдайларға талдау жүргізілген жоқ. Қазір бізде адам саудасының құрбаны туралы толық мәлімет жоқ. Неліктен олар құрбанға айналады? Олар тұзаққа қалай түседі? Одан не себепті шыға алмайды? Өз құқықтарын неге білмейді, полицияға неге бармайды?», – деді ҚР ІІМ Марат Ахметжанов.



БҰҰ мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70 пайызы – әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі – балалар. Министрдің сөзінше, бұл саланың жасырын болуы жағдайды қиындата түседі. Енді министрлік «Адам саудасына қарсы күрес туралы» Заң жобасын әзірлеп жатыр екен. Жоба бойынша, Еңбек министрлігі адам саудасымен күреске жауапты уәкілетті орган болады.  



«Заң деңгейінде алғаш рет ІІМ мен Еңбек министрлігі адам саудасымен күресетін уәкілетті орган болып айқындалмақшы. Соның негізінде уәкілетті органдардың функциялары нақты бекітіледі. Қалған 12 мемлекеттік орган мен әкімдіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың функциясы да нақтыланады. «Адам саудасына қарсы күрес туралы» Заң келесі жылы көктемде Мәжіліске ұсынылатын болады», – деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.