ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстанда 666 мыңнан аса адам ұлттық спорт түрле...

Қазақстанда 666 мыңнан аса адам ұлттық спорт түрлерімен шұғылданады

Спорт 22.03.2025, 16:14 737
Қазақстанда 666 мыңнан аса адам ұлттық спорт түрлерімен шұғылданады
Самат Құсайынов
Кейінгі жылдары елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 619,2 мың адамды құраса,...

Кейінгі жылдары елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылы ұлттық спорт түрлерімен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 619,2 мың адамды құраса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 666,1 мың адамға жеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы санының 9,6%-ы ұлттық спорт түрлерімен шұғылданады. Бүгінде республика бойынша ұлттық спорт түрлерінен 16 555 үйірме жұмыс істейді.

Сонымен қатар кадр даярлау саласында 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері және 17 спорт клубы бар. Ұлттық құрама командаларды даярлауды үйлестіруді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы жүзеге асырады.

Дәстүрлі спорт түрлерін насихаттауда Ұлттық спорт қауымдастығы маңызды рөлді атқарады. Аталған ұйымның құрамында 10 федерация жұмыс істейді. Атап айтқанда, көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, бәйге, садақ ату, құсбегілік, тоғызқұмалақ, асық ату, JORYQ ат спорты.

Одан бөлек жаппай көкпар, қазақ күресі және жекпе-жек федерациялары бар. Ұлттық спорт түрлері ел тұрғындары арасында танымал болып қала береді.

Олардың ішінде стратегиялық ойлау қабілетін дамытатын тоғызқұмалақ, 159 мыңнан астам адам жаттығатын қазақ күресі және 78 мыңнан астам қатысушысы бар көкпар спорты ерекше мәнге ие. Былтыр елордада көшпенділердің Олимпиадасына баланған 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті.

Ұлы даланы дүбірге бөлеген жарысқа әлемнің 90-ға жуық мемлекеттен 2500-ден астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды. Бұл маңызды оқиға этномәдени қозғалысқа, ұлттық спорт түрлерін дамытуға да тың серпін берді. Сондай-ақ елде жыл сайын халықаралық турнирлерден бастап ауыл чемпионаттарына дейінгі 1000-нан астам жарыс өткізіледі.

Мұнан басқа әр төрт жыл сайын Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі мен «Ақбидай» республикалық ауыл ойындары сияқты ірі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жарыстар ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылықты арттырып, әрі қарай дамуына да ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.