ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 303 мың адам ревакцина алды

Қазақстанда 303 мың адам ревакцина алды

Әлеумет 22.12.2021, 05:31 1,191
Қазақстанда 303 мың адам ревакцина алды
Сурет: 24.kz
Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай  тұрақтанған

Республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай  тұрақтанған


ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Ж.Бүркітбаевтың айтуынша, әлемде КВИ-дің 275 млн астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам жағдай тіркелуде.


5,3 млн-нан астам адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық өңірінде соңғы екі аптада 54 елдің 15-інде сырқаттанудың өсуі байқалады. Соңғы 14 күнде Данияда сырқаттанудың 70%-дан астам өскені байқалды, Италияда, Швецияда – 50%-ға, Францияда, Ұлыбританияда – 40%-ға, Норвегияда, Португалияда – 30%-дан астам өсті.



«Қазақстанда соңғы екі аптада сырқаттану 31%-ға төмендеді. Әлемдік рейтингте Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы екі дозамен вакцинациялау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында, оның ішінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында Қазақстан екінші орында тұр, халық санының 44,5% вакцинамен қамтылды», – деді Ж.Бүркітбаев.



Республикада ПТР тесттің оң нәтижесімен коронавирус инфекциясының 984 мың жағдайы және ПТР-дің теріс нәтижесімен 83 мың жағдай тіркелген, науқастардың 96%-тен астамы емделіп шықты. 18 852 науқас емделіп жатыр. Жалпы Қазақстанда соңғы төрт айда сырқаттану деңгейі 16 есе төмендеді. Репродуктивті саны – 0,90 және тамыз айымен салыстырғанда 1,2 есе төмендегені байқалады.


Инфекциялық және реанимациялық төсектердің қамтылуы 19%, соңғы үш айда емдеуді жалғастырушылар саны 4,5 есеге азайды.  Халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасуда. Бірінші компонентпен 8,9 млн астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 80%-ға жуығы қамтылды. Екінші компонентпен 8,4 млн астам адам егілді, егілуге тиісті халықтың 75%-ға жуығы қамтылды.  Қазір Comirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші компонентімен 235 117 адам егілді, оның ішінде 187 315 жасөспірім және 47 786 жүкті және бала емізетін әйел бар. Екінші компонентпен 66 017 адам егілді. 



«Вакциналау жалғасуда. ҚР-ның 303 мың азаматы ревакцинация жасатты», – деді Денсаулық сақтау министрі. Қазіргі уақытта республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың болжамына сәйкес, желтоқсан айында тәулігіне орта есеппен 560 жағдай тіркеліп, оптимистік сценарий орындалып жатыр.  «Бүгінде республикада коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғаны байқалады, жағдай министрліктің бақылауына алынған», – деді Жандос Бүркітбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,306 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,183 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.