ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шару...

Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады

Әлеумет 12.05.2025, 14:57 688
Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады
gov.kz
Мақта шаруашылығы – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды салалардың бірі. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр, деп хабарлайды...

Мақта шаруашылығы – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды салалардың бірі. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан. Мұнда 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді, оларда шамамен 70 мың адам еңбек етеді.

2024 жылы мақта егісінің көлемі 106,4 мың гектарды құрап, гектарына 28,3 центнер өнім алынған. Нәтижесінде 301,7 мың тонна мақта шикізаты жиналды. Биыл заманауи технологияларды қолдану есебінен егіс көлемін 135,2 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Сала мемлекеттік қолдау мен су үнемдеу технологияларының енгізілуі арқасында тұрақты дамып келеді.

Мысалы, тамшылатып суару технологиясы қолданылатын алқап көлемі 50 мың гектарға дейін ұлғайып, дәстүрлі тәсілмен егілетін егістік көлемі 19,3 мың гектарға азаймақ. Бұл су ресурстарын үнемдеуге және климаттық өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Мемлекет тарапынан мақта өндірушілерге кешенді қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда: мақта өсірудің толық цикліне субсидия беріледі; минералды тыңайтқыштар құнының 60%-на дейін; пестицидтердің 50%-на дейін; биологиялық агенттер мен биопрепараттардың 40%-на дейін; түпнұсқа және элиталық тұқым сатып алуға 70%-на дейін; мақта тұқымына – 100% көлемде (басқа дақылдар үшін 15–50%); суармалы су жеткізу шығындарын өтеу – технология түріне байланысты 50–85%; сондай-ақ инвестициялық субсидиялар қарастырылған.

Қазақстан жыл сайын 300 мың тоннадан астам мақта шикізатын және 70–75 мың тонна мақта талшығын өндіреді. Өнімнің 85%-ы Латвия, Түркия, Ресей, Қытай және өзге елдерге экспортталады. Алайда, қосылған құнды арттыру және сыртқы нарыққа тәуелділікті азайту үшін терең өңдеуді дамыту басты назарда.

Мақта саласын дамыту жөніндегі Жол картасы және мақта-тоқыма кластерін қолдау аясында Түркістан облысында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Жобаның жалпы құны – 146,8 млрд теңге. Аясында 50 мың гектар егістік игеріліп, соның 32 мың гектары биыл тамшылатып суарылатын болады. 4 мыңнан астам жұмыс орны ашу көзделген.

Заманауи технологияларды енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын күшейту және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру – Қазақстанда мақта шаруашылығының ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуына, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетінің артуына берік негіз қалайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.