Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа тәсілдері...

Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді

Әлеумет 31.12.2024, 09:54 1,118
Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертеді
Сурет: Polisia.kz
 

Қазақстан Ұлттық Банкі азаматтарды жеке деректері мен банктік шоттарын жымқырып алу мақсатында алаяқтардың жаңа схемаларды қолдана бастағаны жөнінде ескертеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жаңа алаяқтық әдістері:

  1. Гүл шоғының жеткізілуі:
    Азаматтарға жөнелтушінің деректері көрсетілмеген гүл шоқтары жіберіледі. Кейін қаскөйлер хабарласып, өздерін жеткізуші қызметтің қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар хабарламада көрсетілген код арқылы гүл шоғының жеткізілгенін растауды сұрайды.

  2. Пошта жөнелтілімдері:
    Алаяқтар "пошта бөлімшесінен тапсырысты алу" деген сылтаумен зиянды сілтемелер мен хабарламалар жібереді. Мұндай сілтемелерде жеке деректерді енгізу талап етіледі. Соның нәтижесінде алаяқтар телефондағы деректерге, соның ішінде банк қосымшаларына қол жеткізеді.

  3. Зиян келтіруі мүмкін файлдар:
    Мессенджерлер арқылы фотосурет түріндегі зиян келтіру бағдарламаларын жібереді. Фотосуретті ашқан кезде ".APK" кеңейтілімі бар орнату файлы іске қосылып, құрылғыны басқару алаяқтардың қолына өтеді.

  4. Жасанды интеллект арқылы алдау:
    Алаяқтар жасанды интеллект технологияларын қолданып, жақын адамдардың дауысын немесе бейнесін имитациялайды. Олар туыс немесе таныс ретінде хабарласып, ақша аударуды, сілтемеге өтуді немесе жеке деректерді айтуды сұрайды.

Ұлттық Банктің кеңестері:

  • Үшінші тұлғаларға құпия ақпарат бермеңіз.
  • Күдікті қоңыраулар мен сұратулардың түпнұсқалығын тексеріңіз.
  • Бейтаныс сілтемелер мен файлдарды ашпаңыз.
  • Қашықтан қол жеткізу қосымшаларын орнатпаңыз (мысалы, HopToDesk, RustDesk, AnyDesk және т.б.).
  • Мемлекеттік орган немесе Ұлттық Банк қызметкерінің атынан белгісіз қоңырау шалынса, әңгімені дереу тоқтатыңыз және ресми нөмірлер арқылы байланысыңыз.

Алаяқтыққа тап болсаңыз:
Құқық қорғау органдарына жүгініңіз.

Кеңес алу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің байланыс орталығына 1477 нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұлттық банк #Алаяқтар #Сақтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.