AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қазақстан Үкіметінде егін жинау жұмыстарының барыс...

Қазақстан Үкіметінде егін жинау жұмыстарының барысы қаралды

Билік 21.09.2021, 04:42 784
Қазақстан Үкіметінде егін жинау жұмыстарының барысы қаралды
Сурет: Primeminister.kz

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 23 млн гектарды құрады. 


Қазақстан Үкіметінің отырысында 2021 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz.


Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов баяндама жасады.


Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 23 млн гектарды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 322 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16,1 млн га (оның ішінде бидай – 12,9 млн га), майлы дақылдар – 3,1 млн га, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 473,8 мың га, мақта – 109,7 мың га, қант қызылшасы – 21,7 мың га, жем-шөп дақылдары – 3,2 млн га жерге егілді.


Дәнді дақылдарды жинау үрдісі ауа райының қолайсыздығымен және соның салдарынан бидай өнімділігінің төмендеуімен күрделене түсті. Канадада бидай жинаудың 34,5%-ға, Ресейде 15%-ға, АҚШ-та 7%-ға төмендеуі күтілуде.


Қазақстанда дәнді және майлы дақылдардың жалпы көлемін 18 млн тонна деңгейінде, оның ішінде 16 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинауды қамтамасыз ету көзделген. Бүгінгі күні егін жинау жұмыстарының 95% орындалды. 9,5 ц/га орташа өнімділік кезінде 14,3 млн тонна астық және шамамен 200 мың тонна майлы дақылдар бастырылды.



«Биылғы құрғақшылықтың салдарынан бидай көлемі азайса да, еліміздегі бидайға деген ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілді. 6-6,5 млн тоннаға жуық бидайды экспортқа шығаруға мүмкіндігіміз бар», — деді Асқар Мамин.



Жаңа егіннің сапалық көрсеткіштері айтарлықтай өсті. Дәнмаңызы 28%-дан асатын жоғары сапалы «Hi-Pro» бидай көлемі жиналған астықтың жалпы көлемінің 74%-на жетті (2020 жылы – 60%). Бұл санаттағы бидай әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие.


Үкімет басшысы форвардтық сатып алу бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өндірушілерінің «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» астық жеткізуді қамтамасыз етуі қажет екенін атап өтті.


Облыс әкімдіктеріне және Ауыл шаруашылығы министрлігіне егін жинауды қысқа мерзімде аяқтау, 2022 жылғы егінге қажетті тұқым қалдыруды қамтамасыз ету тапсырылды.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ауыл шаруашылығы өндірушілерін астықты тұрақты тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #отырыс #астық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);