конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан танкер флотын кеңейтті

Қазақстан танкер флотын кеңейтті

Саясат 31.01.2024, 07:52 1,786
Қазақстан танкер флотын кеңейтті
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевті қабылдады.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2023 жылғы операциялық және қаржылық қызметінің қорытындысы туралы есеп берілді. Берілген мәліметтерге сәйкес, былтыр "ҚазМұнайГаз" 2022 жылмен салыстырғанда негізгі өндірістік көрсеткіштер бойынша өсімге қол жеткізген, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



Президентке Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын дамыту ісі жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Германияға және Әзербайжан бағытына "Баку – Тбилиси – Джейхан" мұнай құбыры арқылы шикізат жеткізіле бастады. Сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктеріндегі серіктестермен бірлесіп, танкер флотын кеңейту жұмыстары жүргізілді.


Мемлекет басшысына тауарлық газ өндірісін арттыру және ішкі нарыққа мұнай өнімдерін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестиция тарту, мұнай-газ химиясы жобаларын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жайында мәлімет берілді.







Сонымен қатар Мағзұм Мырзағалиев Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов" теңіз жобасы мен ұлттық компанияның геологиялық барлау бағдарламасының қалай жүріп жатқанын жеткізді.






Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа "ҚазМұнайГаз" компаниясының кәсіпорындары орналасқан өңірлерде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтылды. Мәселен, Президентке "Астрахан – Маңғышлақ" магистральды су құбырын қайта жаңғырту жобасының аяқталғаны (I кезең) және Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының қажеттілігі үшін жаңа су тұшыту зауытының құрылысы басталғаны жөнінде баяндалды.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, көмірсутегі экспортының бағыттарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және геологиялық барлау жұмыстарының ауқымын кеңейту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. Президент ұлттық компанияның мұнай-газ химиясын дамытуға бағытталған жұмысына ерекше мән беру қажет екенін айтты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Танкер #қазмұнайгаз #мұнай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);