ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Қазақстан Республикасының U17-U20 күрес чемпионаты...

Қазақстан Республикасының U17-U20 күрес чемпионаты Алматы қаласында өтеді

Спорт 18.02.2025, 10:03 1,064
Қазақстан Республикасының U17-U20 күрес чемпионаты Алматы қаласында өтеді
Алматы қаласының күрес федерациясы
2025 жылғы 20 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласында орналасқан ADD Арена спорт кешенінде (Нұркент шағын ауданы, 14Б) Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен жастар арасындағы U17 және...

2025 жылғы 20 ақпан мен 2 наурыз аралығында Алматы қаласында орналасқан ADD Арена спорт кешенінде (Нұркент шағын ауданы, 14Б) Қазақстан Республикасының жасөспірімдер мен жастар арасындағы U17 және U20 санатындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша чемпионат өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аталған біріншілікке еліміздің 17 облысынан, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан ең үздік жас балуандар қатысады. Олар Қазақстан чемпионы атағы үшін және биылғы күнтізбелік жылға жоспарланған халықаралық жарыстарда – Азия және әлем чемпионаттарында ұлттық құрама сапында ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін күреседі.

20 ақпанда сағат 16:30-да U17 және U20 жас санаттарындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Бұл шараға еліміздің даңқты балуандары – Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары қатысып, күрес спортының үш стилінің дамуына қосқан үлестерін атап өтеді.

Турнирдің маңыздылығы жайлы Алматы қаласының күрес федерациясының президенті Омар Алиев:
"Қазақстан Республикасының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының басшылығына осындай ауқымды жарысты өткізуге сенім білдіріп, Алматыда ұйымдастыру мүмкіндігін бергені үшін алғысымды білдіремін. Бұл жарыс – еліміздегі ресми жарыстар күнтізбесінің ашылуы іспеттес. Сонымен қатар, Алматы қаласының Спорт басқармасына турнирді ұйымдастырудағы қолдауы үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Алматыда күрес спортын дамытуда оң өзгерістер болды, бұл чемпионат жас балуандарымызға өз шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетуге тамаша мүмкіндік береді."

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.