ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Сайлау-2023 / Қазақстан Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен А...

Қазақстан Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен Алматы қаласына келді

Сайлау-2023 14.11.2022, 10:10 1,018
Қазақстан Президенттігіне үміткер Мейрам Қажыкен Алматы қаласына келді
Кандидат ұйымдастырылған шараға қатысты.

Кандидат ұйымдастырылған шараға қатысты. 


Алматыда кандидат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны кандидаттың Алматы қаласындағы штабы ұйымдастырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Қатысушылар қатарында құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері, сенімді өкілдер мен қоғам қайраткерлері бар. 


Тараптар сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады.


Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықаралық рейтингінде Қазақстан төменгі қатарда тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 180 елінің арасында 102-ші орында болды. 


Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі сайлаушылармен кездесулерде Мейрам Қажыкен атақ-даңқына, кім екеніне қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  қатаң жүргізуге ниетті екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Жиында кандидат парақорлықтың, пара берудің, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдаланудың алдын алу бойынша мәселелер көтерілді. Үміткер нақты заңдар мен ережелер қуатты болмаса  құқықтық мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты. 



«Қатаң заңдар қажет. Және олар өз күшінде орындалуы керек. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері- әр адамның сана сезіміне, мәдениетіне байланысты. Ал  оны  жеңу де дәл солай. Тек репрессия арқылы сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Халыққа есеп беретін мықты  ашық азаматтық қоғам қажет. Яғни мықты азаматтық қоғам, тәуелсіз кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы және басқа да көптеген ұйымдардың күші бірігу керек. Сонда адамдар мемлекеттің келісімшарттарын, бюджетті, жер учаскелерін бөлу т.б. әрекеттерді бақылай алады», - деді Мейрам Қажыкен. 



Әңгіме барысында кандидат «өкінішке қарай, бізде азаматтық қоғам жоқ» деп қосты. Ол тығырықтан шығудың бір жолы ретінде: кәсіпкерлер үлесінің ұлғаюын және мемлекеттің экономикаға қатысын барынша азайту деп санайды. 



«Мемлекет үлесін қалай қысқартуға болады? Мемлекеттік органдарды көптеген міндеттерден алшақтату қажет. Бизнестің өзі-ақ шешім қабылдай алады», - деп түсіндірді М.Қажыкен. 



Қорытындылай келе, тараптар сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алуға нақты, нәтижелі бастамалар қажет деген ортақ пікірге келді. Яғни  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар заңнама, сот және құқық қорғау жүйелері секілді үш негізгі бағытқа шоғырландырылуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.