ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігі...

Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Билік 20.09.2021, 11:22 612
Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda.kz.
Үстіміздегі жылы 1508 экономикалық құқық бұзушылық анықталған.

Үстіміздегі жылы 1508 экономикалық құқық бұзушылық анықталған.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz сілтеме жасап.


Президентке Агенттіктің «көлеңкелі» экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы мәлімет берілді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 8 айда 1508 экономикалық құқық бұзушылық анықталғаны, оның 803-і ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жататыны жөнінде баяндалды. 36 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне тосқауыл қойылған. Алкоголь өнімдерін шығаратын 26 жасырын цех пен 224 заңсыз ойынхана жабылған.


Агенттік төрағасының айтуынша, соңғы 4 жылда «көлеңкелі» экономика 29 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеген.


Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың алдағы 3 жылға арналған кешенді жоспарын бекітті.


Жанат Элиманов әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша да жұмыстар жалғасып жатқанын айтты. Атап айтқанда, азық-түлік бағаларының көтерілмеуін қамтамасыз етуге тиіс тұрақтандыру қорларын құру үшін бөлінген бюджет қаражатын жымқырудың 5 дерегі анықталған. Тараз қаласында жылу, Қызылорда қаласында газ тасымалы тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол берілмеді. Балаларға арналған мамандандырылған және медициналық-әлеуметтік мекемелердің лауазымды тұлғаларына қатысты 36 сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталды. Олар 376 миллион теңге көлемінде залал келтірген.


Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.