ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Хабарлама / Қазақстан Президенті Мажарстанның Қаржы министрін...

Қазақстан Президенті Мажарстанның Қаржы министрін қабылдады

Хабарлама 26.10.2021, 12:41 1,325
Қазақстан Президенті Мажарстанның Қаржы министрін қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Михай Варга Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық кеңесінің бесінші отырысына және бизнес-форумға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген.

Михай Варга Қазақстан мен Мажарстанның Стратегиялық кеңесінің бесінші отырысына және бизнес-форумға қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Михай Варганы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.



Кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржы, инвестиция және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды дамытудың перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ пандемияға қарсы күрес шараларына, климаттың өзгеруіне және аймақтық күн тәртібіне қатысты мәселелер сөз болды. Қазақстан Президенті еліміздің тілеулес досы Михай Варгаға ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға сапары табысты болатынына және екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беретініне сенім білдірді.



Мажарстан Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы байланыстардың даму қарқыны бәсеңдемегенін айтты.


Қазақстан Президенті мен Мажарстан Премьер-Министрінің 2019 жылғы сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында табысты кездесу өткізгенін айтқан Михай Варга Мажарстан басшылығы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Будапештке алдағы уақытта жасайтын сапарын асыға күтіп отырғанын жеткізді. Мажарстан саясаткері Мемлекетіміздің басшысына пандемия кезінде көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы бизнес-форумның табысты өткенін айтты. Аталған шара барысында бірқатар маңызды инвестициялық келісімге қол қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.