ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қазақстан Президенті Иранның жаңадан сайланған Пре...

Қазақстан Президенті Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Билік 21.06.2021, 13:43 1,590
Қазақстан Президенті Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады
Сурет: Akorda.kz
Қазақстан Президенті Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады

Қазақстан Президенті Иранның жаңадан сайланған Президентін құттықтады


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады, деп хабарлады Almaty-Akshamy.kz. Ақорданың сайтына сілтеме жасап.



– Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – Отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың, сондай-ақ ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста Иран Ислам Республикасы мен оның халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.



Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын айтты.


Сонымен қатар Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқан ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған тың серпін, жаңа мән беретініне сенім білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтардағы тығыз ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін Иран Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.