ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның фитосанита...

Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның фитосанитариялық қызметтері шегірткеге қарсы күш біріктіруде

Әлеумет 09.06.2025, 14:34 465
Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның фитосанитариялық қызметтері шегірткеге қарсы күш біріктіруде
Сурет: Gov.kz
Еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктерді қорғау және карантин ұйымының (ЕРРО) жұмыс тобының 55-отырысы аясында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының...

Еуропалық және Жерорта теңізі өсімдіктерді қорғау және карантин ұйымының (ЕРРО) жұмыс тобының 55-отырысы аясында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Сакен Қаныбеков Өзбекстан мен Қырғызстанның фитосанитариялық қызметтері басшыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің басты тақырыбы – шегірткеге қарсы күрес шаралары болды. Тараптар маусымдық зиянкестерге қарсы тиімді күрес жүргізу тәжірибесімен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесу барысында Locust.uz жүйесі таныстырылды. Бұл – шегірткелер жұмыртқа салған аумақтар мен химиялық өңдеу жүргізілген жерлер туралы мәліметтер енгізілетін электронды платформа. Жүйе жағдайды дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жүйе GPS құрылғылары арқылы арнайы техниканың қозғалысын қадағалап отырады. Бұл шегірткенің кең аумақтарға таралуына жол бермей, жедел шара қолдануға жағдай жасайды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайту, халықаралық фитосанитариялық стандарттарды енгізу және ақпарат алмасуды дамыту жөнінде уағдаласты.

Тараптар шекара маңындағы аймақтарда шегірткеге қарсы күрес, фитосанитариялық жағдай, зерттеу нәтижелері, зиянды ағзалардың таралуы және жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы жедел мәлімет алмасуға ерекше назар аударатын болады.

Сондай-ақ фитосанитариялық сертификаттар бойынша тиімді әрі тұрақты деректер алмасуды қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық жүйелерді біріктіру жоспарлануда.

Аталған ынтымақтастық өңірдегі ауыл шаруашылығының қауіпсіздігін арттыруға және қатысушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.