ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстан-Моңғолия Іскерлік кеңесінің алғашқы отыр...

Қазақстан-Моңғолия Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті

Экономика 28.10.2024, 11:36 1,479
Қазақстан-Моңғолия Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті
gov.kz
2024 жылғы 28 қазанда Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Моңғолия Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы...

2024 жылғы 28 қазанда Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолияға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Моңғолия Іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР ЦДИАӨМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында екі елдің іскерлік орта мен мемлекеттік құрылым өкілдері бірлескен жұмыстың басым бағыттарын талқылады.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев өз сөзінде инновациялық экожүйені құру, стартап-жобаларды дамыту, цифрлық үкіметті (govtech) енгізу және аэроғарыш саласындағы жобалар бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі негізгі бағыттарды атап өтті.

Қазақстан өз кезегінде Astana Hub халықаралық технопаркін дамыту тәжірибесімен бөлісті, оның жұмысы барысында 1500-ден астам резидент, соның ішінде 436 шетелдік компания тартылды. Сонымен қатар, Орталық Еуразиядан шыққан стартаптарды жаһандық нарықтарда қолдауға бағытталған шетелдерде IT-хабтар құрудың табысты тәжірибесі де ұсынылды.

Қазақстандық Jet компаниясының электр скутерлерін жалға беру стартапының Моңғолия нарығына шығуы сәтті болғаны атап өтілді – ол 6 мыңнан астам скутер ұсынды. Сонымен бірге, моңғол стартаптары да Astana Hub акселерациялық бағдарламаларына белсенді қатысып келеді. Мысалы, Fibo Group стартапы технопаркте Google for Startups акселерациялық бағдарламасынан сәтті өтті. Бұл бағдарламаға қатысу стартаптарға халықаралық тәжірибе мен жетекші сарапшылардың қолдауына жол ашады, бұл олардың әрі қарай дамуы мен жаһандық нарықтарға шығуы үшін маңызды қадам саналады.

Ынтымақтастықтың тағы бір маңызды элементі ретінде қазақстандық электрондық үкімет жүйесі eGov экспортын талқылау жүргізілді. Бұл жоба Моңғолияға Қазақстанның мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетістіктерін қолдануға мүмкіндік береді, мұнда қызметтердің 90%-дан астамы онлайн режимінде ұсынылады.

Іскерлік кеңестің алғашқы отырысы тұрақты дамуға және заманауи сын-қатерлерді бірлесіп еңсеруге бағытталған стратегиялық серіктестіктің берік негізін қалады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.