AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен Түркия әскерилері ынтымақтастықтың ж...

Қазақстан мен Түркия әскерилері ынтымақтастықтың жаңа бағытын талқылады

Саясат 04.08.2021, 12:34 2,204
Қазақстан мен Түркия әскерилері ынтымақтастықтың жаңа бағытын талқылады

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелері туралы сөз болды. 


Қазақстан мен Түркия әскерилері бүгінгі таңда, яғни пандемия кезінде өзекті болып табылатын ынтымақтастықтың талаптарын талқылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. Екі мемлекет әскерилері өзекті мәселені бейнеконференция барысында талқылаған.  


Келіссөздерге Қазақстан тарапынан бас штаб бастығы – Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері департаментінің бастығы, подполковник Ержан Құлмағамбетов қатысты.  


Бүгінгі күні бұл бағыт мемлекеттеріміз үшін өте өзекті болып табылады. Біздің пікіріміз бойынша, осы саладағы ынтымақтастықты ұйымдастыру екі елдің қорғаныс қабілетінің жай-күйіне оң ықпал етеді, – деп атап өтті ол.



«Подполковник Ержан Құлмағамбетовтің айтуынша, бүгінгі күні негізгі басымдық әскерлердің соғыс уақытында да, бейбіт кезеңде де міндеттерді орындауға әзір болуын арттыру мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жүйесін дамыту және жаңғырту болып табылады. 



Тараптар мамандарды даярлауға, бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы процесіне және оларды техникалық жарақтандыруға қатысты өзара іс-қимылдың  перспективалық бағыттарын талқылады», - делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарында. 


Мамандардың айтуынша, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау – бұл Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыты. Ол заман талабына сәйкес дамытуды қажет етеді. РХБҚ әскерлерінің қажет екенін коронавирустық инфекция пандемиясы айқын көрсетіп берді. Бұл кезеңде әскери қызметшілер әлеуметтік тұрғыдан маңызды объектілерді дезинфекциялау жөніндегі міндеттерді орындады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#конференция #әскер #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);