Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 6...

Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады

Әлеумет Кеше 14:51 61
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол тасымал көлемін 60 млн тоннаға дейін арттырады
Сурет: Gov.kz

Еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру және транзиттік тасымал көлемін 55 млн тоннаға дейін жеткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Өзбекстан Республикасының Көлік министрімен теміржол тасымалы саласындағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасының стратегиялық маңыздылығын, оның сауда-экономикалық байланыстарды, халықаралық транзитті және аймақтық көлік интеграциясын дамытудағы негізгі рөлін, сондай-ақ тасымал көлемін ұлғайтуға және логистикалық бағыттардың тиімділігін арттыруға үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. 2025 жылғы нәтижелер бойынша екі ел арасындағы теміржол тасымалы көлемі 32,3 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 16%-ға артты.

Тасымал көлемін тұрақты арттыру және келісілген өткізу қабілеті параметрлеріне қол жеткізу мақсатында тараптар Сарыағаш, Оазис және Сырдария түйіспелерінде инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде Дарбаза–Мақтарал учаскесін қамтитын негізгі жобаларды аяқтау көзделген Бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Анықтама:

Сарыағаш түйіспесінен қазіргі уақытта тәулігіне 36 жұп пойыз өтуде (жоспар – 40-қа дейін), Оазис арқылы – 2 жұп пойыз (жоспар – 10-ға дейін), Сырдария арқылы – Дарбаза–Мақтарал учаскесі іске қосылғаннан кейін тәулігіне 10 жұп пойыз.

Кеңес барысында инфрақұрылымдық және жөндеу жұмыстарын үйлестіру, бақылау рәсімдерін жетілдіру, технологиялық өзара іс-қимылды оңтайландыру және тасымал процесінің жалпы тиімділігін арттыру мәселелері де қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты әрі қарай кеңейтуге және тасымал көлемін кезең-кезеңімен арттыруға өзара мүдделілігін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Өзбекстан #Теміржол тасымалы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.