конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Германия көлік-логистикалық кешенді...

Қазақстан мен Германия көлік-логистикалық кешенді бірлесіп дамытуды жалғастыруға ниетті

Экономика 30.03.2022, 11:32 2,283
Қазақстан мен Германия көлік-логистикалық кешенді бірлесіп дамытуды жалғастыруға ниетті
Сурет: Primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ірі неміс компанияларының басшылары онлайн кездесу өткізіп, онда логистика және көлік саласын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бейнеконференцияға Қазақстан мен Германияның 100-ге жуық мемлекеттік және іскер топ өкілдері қатысты.


Роман Скляр өз сөзінде Қазақстан мен Германия арасындағы көлік-логистикалық кешенді дамытудағы әріптестіктің маңыздылығын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және дамудың жаңа жолдарын іздеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.


Германия - Қытайдан Қазақстан арқылы транзитпен контейнерлік пойыз жөнелтілген бірінші еуропалық мемлекет. Өз кезегінде Германия экономикасының Шығыс комитетінің бас атқарушы директоры Михаэль Хармс Қазақстандағы логистика және көлік саласының дамуына оң баға беріп, көрсеткіштерді арттыру бойынша жұмыс қарқынды жалғасатынына сенім білдірді, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықтың сенімділігі және қол жеткізілген барлық уағдаластықтарға адалдық білдірді.


HHLA Hamburger Hafen und Logistik AG (Гамбург порты) директоры Томас Лютье алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың зор әлеуетін атап өтіп, Қазақстанды негізгі серіктес деп атады. Кездесудің басқа қатысушылары да екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың алдағы перспективаларына ерекше назар аударды. Жиын соңында қазақстандық және неміс ірі логистикалық және көлік компанияларының өкілдерінің қатысуымен «сұрақ-жауап» форматында дәстүрлі талқылау өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көлік-логистика кешені #онлайн кездесу #іскер топ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматының туризміне оң әсер етеді»: көрермен Канье Уэсттің концертіне баға берді

Бүгін 21:21

Тазабек те Канье Уэсттің концертіне келіп, тазалық сақтауға шақырды

Бүгін 21:08

Тағы бір күн қалуға тура келді: Канье Уэст жанкүйерлерінің көңіл күйі қандай?

Бүгін 20:59

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);