AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастықтың өзек...

Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Әлеумет 19.07.2024, 16:21 1,046 dulatbekova
Қазақстан мен Еуропалық одақ ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ЕО Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметі басқарушы директорының Ресей, Шығыс әріптестігі, Орталық Азия және ЕҚЫҰ жөніндегі орынбасары Люк Девинмен, сондай-ақ ЕО Көші-қон және ішкі істер департаменті Бас директорының орынбасары Йоханнес Лухнермен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақтың саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастығын, заң үстемдігі мен адам құқықтары, көлік, энергетика, климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қоршаған ортаны қорғау, білім және ғылым салаларындағы өзара іс-қимылды, сондай-ақ ҚР мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді іске асыруды талқылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстан азаматтары үшін ЕО визалық режимін жеңілдету мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары еліміз Еуропа елдері үшін визасыз режимді енгізу бойынша біржақты қадамдар жасағанын айтып, қазақстандық қоғам шенген визаларын алуды жеңілдететін жауап шараларын күтетінін атап өтті. Ол бұл мәселені тез арада шешуге үміт білдірді.

Сонымен қатар дипломаттар өңірлік қауіпсіздік және Ауғанстандағы қазіргі жағдай туралы пікір алмасты. Қазақ дипломаты ү.ж. 30 маусым - 1 шілде аралығында Дохада БҰҰ ұйымдастырған Ауғанстан бойынша Арнайы өкілдердің үшінші кездесуінің, сондай-ақ ЕО-ның Ауғанстан бойынша Арнайы өкілі Томас Никлассонмен келіссөздердің нәтижелерімен бөлісті.

Жалпы, тараптар Қазақстан мен Еуроодақтың барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимыл деңгейіне қанағаттанушылықтарын білдіріп, ынтымақтастықтың алдағы жоспарларын айқындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ынтымақтастық #келіссөз #өзектілік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);