ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары ы...

Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мәдениет 25.09.2024, 17:35 757
Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Сурет: Gov.kz
Бүгін Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Бүгін Қазақстан мен Әзербайжанның Ұлттық кітапханалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 Құжат - кітапханалық-ақпараттық қызметті одан әрі дамыту, халықаралық жазба әдебиеттерді алмасу және екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға негіз болады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – Әзербайжан әдебиеті бұрышының ашылуы. Әдеби бұрышта классикалық және заманауи әдебиеттің 250-ден астам басылымы, ел мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы, әзербайжан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы шығармалар ұсынылған. Соның ішінде ақын және ойшыл Мұхаммед Физули, Мырза Фатали Ахундов, Гусейн Джавиди, жазушы Анар кітаптары және тағы да басқа танымал тұлғалардың туындылары бар.

Сондай-ақ Әзербайжанның халық жазушысы Эльмира Ахундованың Гейдар Әлиев пен академик Зарифа Әлиеваның 100 жылдығына арналған «Зарифа және Гейдар Алиевтер. Мәңгілік махаббат» кітабының таныстырылымы өтті.

Кітапта автор өз кейіпкерлерінің балалық шақтан ересек жасқа дейінгі бүкіл өмір жолын баяндап, олардың жеке өмірі, бала тәрбиесі және аталған көрнекті жұптың басына түскен сынақтары туралы әңгімелейді.

Салтанатты шараға Әзербайжан Мәдениет министрі Адиль Керимли, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан, Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Ұлттық кітапханасының бас директоры Керим Тахиров, шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, Қазақстанның ғылыми және шығармашылық зиялылары, ЖОО студенттері мен магистранттары қатысты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,256 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.