Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Әзербайжан әскерилері “Алтын қыран-2...

Қазақстан мен Әзербайжан әскерилері “Алтын қыран-2024" оқу-жаттығуының белсенді кезеңін өткізді

Әлеумет 26.08.2024, 11:15 1,606
Қазақстан мен Әзербайжан әскерилері “Алтын қыран-2024" оқу-жаттығуының белсенді кезеңін өткізді
Сурет: Gov.kz

Жетісу облысының "Көктал" полигонында "Алтын қыран-2024" халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы аяқталды.

Белсенді кезең барысында қазақстандық десантшылар мен Әзербайжан армиясының әскери қызметшілерінен құралған біріккен жасақ заңсыз қарулы құралымның автомобиль техникасының легіне тосқауыл ұйымдастырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Іс-қимылдың практикалық кезеңін Қазақстан мен Әзербайжан қарулы күштері бас штабтарының бастықтары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов пен генерал-полковник Керім Велиев қадағалады.

Екі ел қарулы күштері басшылығының назары барлау жасақтарының әрекеттеріне, басып алу және атыспен қамтамасыз ету топтарына және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы барлау дерегін алу алгоритміне аударылды.

Оқу-жаттығу барысында контингенттерді үйлестіру жоғары деңгейге жетті. Біріккен барлау жасағының командирі қарсылас өтеді деген барлық бағыттарды талдап, автомобиль көлігі жүруі қиын болатын аймақты таңдап, атыс нүктелерінің орналасуы мен оларды жасыру мәселелерін пысықтады. Қабылданған шешімдердің дұрыстығы ұйымдасқан тосқауылдың тиімді және тапсырманың нақты орындалуын қамтамасыз етті. 

"Алтын қыран-2024" халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы таулы-шөлді жерлерде арнайы барлау іс-қимылдарын көрсетумен аяқталды. Біз командалық құрамның даярлығының, әскери қызметшілердің дене дайындығының, екі елдің контингенті арасындағы өзара іс-қимыл деңгейінің жоғары екеніне көз жеткіздік. Бөлімше командирлері өте қысқа мерзімде біртұтас организм ретінде әрекет еткен жеке құрамның үйлесімділігіне қол жеткізді. Бұған оқу-жаттығудың барлық кезеңінде қазақстандық және әзербайжандық әскери қызметшілермен қатар міндеттерді атқарған біріккен жасақтардың арқасында қол жеткізілді, – деп атап өтті оқу-жаттығу жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев.

Белсенді кезеңнен кейін бірден оқу-жаттығудың жабылу салтанаты өтті, онда ерекше көзге түскен әскери қызметшілер екі елдің әскери контингенттері қолбасшылығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алтын қыран #Оқу жаттығу #белсенді кезең
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.