ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан мектептерінде ChatGPT қолданылады

Қазақстан мектептерінде ChatGPT қолданылады

Білім және ғылым 07.11.2025, 14:46 450
Қазақстан мектептерінде ChatGPT қолданылады
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
Вашингтонда Қазақстан үкіметі мен OpenAI компаниясы арасында жасанды интеллект технологияларын білім беру саласына енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп...

Вашингтонда Қазақстан үкіметі мен OpenAI компаниясы арасында жасанды интеллект технологияларын білім беру саласына енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, “Қазақтелеком” АҚ, Freedom Holding Corp. және OpenAI компаниясы цифрлық білім беру мен болашақ дағдыларын дамыту саласындағы ұзақ мерзімді серіктестіктің негізін қалайтын келісімге қол қойды.

Меморандумның арқасында қазақстандықтық мұғалімдер үшін ChatGPT Edu платформасы қол жетімді болмақ. Бұл білім беру мекемелеріне бейімделген ChatGPT-тің арнайы нұсқасы. Аталған платформа деректердің жоғары деңгейдегі қауіпсіздігін, әкімшілік бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және ақпаратты талдауға, жеке GPT-ассистенттер жасауға, сондай-ақ күнделікті жұмыстарды автоматтандыруға арналған кеңейтілген құралдарды қамтиды.

Үш жылда қазақстандық педагогтерге жыл сайын кемінде 165 000 OpenAI лицензиясын беру жоспарланып отыр.

OpenAI өкілі Кевин Миллстің айтуынша, жасанды интеллектті пайдалану бүкіл әлем мұғалімдеріне оқушылардың оқуына және дамуына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

“Қазақстан үкіметімен жасалған бұл келісім ел мұғалімдеріне ChatGPT-ті пайдаланып, жасанды интеллекттің артықшылықтарын мектептерге енгізуге көмектеседі”, деді ол.

Аталған бастама Қазақстанның цифрлық трансформация және адами капиталды дамыту жөніндегі ұлттық стратегиясын қолдай отырып, педагогтерге озық халықаралық технологияларға қол жеткізуге жол ашады. Келісімді іске асыру инновациялық ойлау, сыни талдау және креативтілік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ педагогтердің цифрлық құзыреттерін нығайтуға ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.