AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан кітапханаларында жазғы демалыста 40 мыңн...

Қазақстан кітапханаларында жазғы демалыста 40 мыңнан астам іс-шара өтеді

Әлеумет 24.06.2024, 17:39 647 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан кітапханаларында жазғы демалыста 40 мыңнан астам іс-шара өтеді
Сурет: Qazaly.kz

Балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Қазақстанның республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі кітапханалары жазда 41 922 іс-шара өткізеді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ертегі терапия, интеллектуалды квест және кітап акциялары мен экскурсиялары өтеді.

Алматы қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада балаларға арналған тифлотүсініктермен ертегілер көрсетіледі, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері брйынша турнирлер ұйымдастарылады.

Ақмола облысында асфальттағы флеш-суреттер байқауы, book land, домбыра-батл, ашық аспан астында өтетін іс-шаралар жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысында «Бала тілі - бал», «Ертегіні табыңыз», «Возьми книгу в дорогу» сынды түрлі тақырыптар аясында, балалардың жас ерекшеліктеріне орай іс-шаралар өтеді.

Қостанай облысында «Шекарасыз балалық шақ», «Кітаптарда каникул жоқ» т.б. танымдық жиындар ұйымдастырылады.

Түркістан облысында жазғы балалар байқауы, библиопикник, үйірмелер өтеді. Сондай-ақ Абай облысында жаз айларында 12 бағыт бойынша жоба жұмыс істейтін болады.

Ақтөбе облыстық кітапханалары квест ойындар, шеберлік сағаты мен «Оқитын дос іздеймін» жазғы оқу жобасын ұйымдастырады.

Алматы облысының кітапханаларында кітап көрмесі, сурет салу байқауы өтеді.

Атырау облысында «Кітаппен бірге өткен жаз» жобасы жоспарланған.

Өңірлер бойынша ең көп іс-шара Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында жоспарланған. Астана, Алматы және Шымкентте жас оқырмандар үшін 2000 іс-шара ұйымдастырылады.

ҚР Ұлттық кітапханасы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана 197 іс-шара өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кітапхана #бала #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);