Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан интернет трафикті көп пайдаланатын ТОП-1...

Қазақстан интернет трафикті көп пайдаланатын ТОП-15 елдің қатарында

Әлеумет 16.06.2022, 08:23 1,104
Қазақстан интернет трафикті көп пайдаланатын ТОП-15 елдің қатарында
Сурет: V ebrost.ru

Қазақстанда мобильді интернет-трафик пайдалану Түркия, Сингапур, Италия, Белгия және өзге де көптеген елдерге қарағанда біршама жоғары.


Соған қарамастан, қазақстандықтар үшін интернет бағасы төмендеп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Beeline желісі деректер трафигінің көлемі 2021 жылы бір пайдаланушыға үштен бірге ұлғайған. Оператордың дерегінше, 2021 жылдың 4-ші тоқсанында трафик пайдалану көлемі бір пайдаланушыға 14,1 Гб-қа жетті. Бұл бір жыл бұрынғы дәл осындай кезеңдегі көлемнен 28,2 пайызға жоғары.


Ал Kcell-де 2021 жылдың 4-ші тоқсанында бір пайдаланушы қолданған трафик көлемі 11,6 Гб болды. Бұл көрсеткіш те 2020 жылдың 4-ші тоқсанындағы деректен 18,3 пайызға көп. Айта кетерлігі, Қазақстандағы көрсеткіш әлем бойынша орташа деңгейден біршама жоғары.


Еліміз мобильді интернет-трафикті ең көп пайдаланатын елдердің ТОП-15-іне кіреді. Айталық, өткен жылдың 4-ші тоқсанында бір қазақстандық 14,1 Гб трафик қолданған. Бұл орташа мәннен 46 пайызға жоғары. Ал бұл көрсеткіш Түркияда – 13,6, Сингапурда – 13, Италияда – 12, Грекияда – 6,2, Бельгияда 5,4 Гб-ты құрады.


Елімізде интернет-трафик пайдалану көлемінің өте жоғары болуы жаһандық желінің азаматтарымыз үшін қолжетімділігін көрсетеді. Мұның үстіне трафик пайдалану көлемінің артуына қарамастан, мобильді интернет құны арзандап та келеді. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысында 1Гб интернет-трафиктің орташа бағасы 110,5 теңге болды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 9,7 пайызға арзан.


Сонымен қатар ұялы телефонмен бір минут сөйлесу құны да арзандай түсуде. 2018 жылы 1 минут сөйлесу құны 1,41 теңге болса, 2019 жылы – 1,34, 2020 жылы 1,2, 2021 жылы 1,19 теңге болды.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#интернет #трафик #топ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.