AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халқының 35%-ға жуығы спортпен шұғылдана...

Қазақстан халқының 35%-ға жуығы спортпен шұғылданады

Әлеумет 05.04.2022, 04:53 1,107
Қазақстан халқының 35%-ға жуығы спортпен шұғылданады
Сурет: Gov.kz

Үкімет бұл көрсеткішті 2025 жылы 50%-ға жеткізуді көздеп отыр.


Қазақстан Үкіметі алдағы уақытта спортпен шұғылданатын азаматтар санын арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы Үкіметтің кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстан Премьер-Министрі 2025 жылы спортпен айналысатындардың үлесін 50%-ға дейін жеткізу керек екенін айтты. Ол үшін салауатты өмір салты мен спорттың пайдасы туралы кеңінен насихатталуы тиіс.


Сондай-ақ бұл ауру-сырқаудың алдын алу, спорттық инфрақұрылымды кеңейту және бұқаралық спорт саласын қаржыландыруды ұлғайту секілді ауқымды жұмысты талап етеді.



«Осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шамамен 21 млрд теңгені кәсіби спорт түрінен алып, бұқаралық спортқа қайта бағыттадық. Оның 6 млрд теңгесі мемлекеттік спорттық тапсырысты қаржыландыруға жұмсалды. Мемлекеттік тапсырыстың арқасында мыңдаған бала спорт секцияларына тегін баруға мүмкіндік алды. Секцияларға кететін шығындар бюджеттен төленеді. Өткен жылы республика бойынша 162 мың бала осындай мүмкіндікке ие болды. Ал биыл 275 мың бала қамтылады», — деді Әлихан Смайылов.



Мемлекеттік тапсырыс аясында спортпен шұғылданатын балалардың ең көп үлесі Алматы қаласы мен Алматы облысында тіркелген. Әзірге Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстары көш соңында қалып отыр. Бұқаралық спортқа бағытталған қаржының 4,9 млрд теңгесі спорттық инфрақұрылымдарды салуға және жөндеуге бөлінді.

Өткен жылы елімізде 41 дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылса, оның 32-сі аудан орталықтары мен ауылдық жерлерде пайдалануға берілді. Ауылдарды спорт нұсқаушыларымен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тауып келеді. Тек 2021 жылдың өзінде 1833 ауылда спорт нұсқаушысы деген штаттық лауазым енгізілді.



«2025 жылы әрбір тірек ауылда спорттық шаралар мен секцияларды ұйымдастыруға жауапты жаттықтырушы немесе нұсқаушы болады. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін спорттық инфрақұрылым жасына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан, барлық азаматтарға бірдей қолжетімді болуы тиіс», — деді ҚР Премьер-Министрі.



Үлкен спорттағы жетістіктер бұқаралық спорттан бастау алатынын айта кеткен жөн. Спортпен шұғылданатын балалардың қатары көбейген сайын кәсіби спортқа барғысы келетіндердің саны да арта түседі, дені сау, қуатты ұлттың негізін қалыптастырады. Бұл саланы дамыту қағидаттары мен тәсілдері Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында көрініс табады.


Осыған байланысты Әлихан Смайылов Мәдениет және спорт министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу арқылы балаларды тегін спорттық секциялармен қамтуды ұлғайтуды тапсырды.



«Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін спорттық инфрақұрылым жоқ елді мекендерде оларды салу жоспарын қабылдасын», — деді ҚР Премьер-Министрі.



Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігіне Ұлттық экономика, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерімен және әкімдіктермен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру мен ауру-сырқаудың алдын алу шараларын насихаттауды күшейту тапсырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #жоспар #үкімет #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);