ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстан электр энергиясын мемлекетаралық беруді...

Қазақстан электр энергиясын мемлекетаралық беруді заңдастырады

Экономика 16.06.2021, 13:17 1,721
Қазақстан электр энергиясын мемлекетаралық беруді заңдастырады
Сурет:Parlament.kz
Қазақстан электр энергиясын мемлекетаралық беруді реттемекші

Қазақстан электр энергиясын мемлекетаралық беруді реттемекші


Парламент Мәжілісінің депутаттары 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттамаларды ратификациялау туралы екі заң жобасын қарады. Хаттамалар мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асырудың әдіснамасын айқындайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚР ЭМ баспасөз қызметінің хабарына сілтеме жасап.


Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, хаттамаларды ратификациялау Армения мен Қырғызстанның қосылуын ескере отырып, Одаққа мүше мемлекеттердің энергия жүйелерінің тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Баға белгілеу және тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, электр энергетикасы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы хаттамаға Армения мен Қырғыз Республикаларының қосылуын ескере отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында электр энергиясын (қуатын) мемлекетаралық беруді жүзеге асыру халықаралық шарттың реттеу нысанасы болып табылады.


Бүгінгі таңда хаттамаларды Армения, Беларусь, Қырғыз Республикалары және Ресей ратификациялады.


Армения 2014 жылғы 10 қазанда қол қойылған Армения Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде барлық мүше мемлекеттер ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. 2015 жылғы 2 қаңтарда Армения Одақтың тең құқылы мүшесі болды.


Қырғыз Республикасы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шарт шеңберінде барлық мүше мемлекеттер ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылды. 2015 жылғы 12 тамызда Қырғыз Республикасы Одақтың тең құқылы  мүшесі болды.


Мәжіліс депутаттары заң жобаларын мақұлдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.