ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қазақстан БҰҰ Экономикалық кеңесінің құрамына сайл...

Қазақстан БҰҰ Экономикалық кеңесінің құрамына сайланды

Билік 09.06.2021, 09:28 1,990
Қазақстан БҰҰ Экономикалық кеңесінің құрамына сайланды
Сурет: Iz.ru
Қазақстанның кандидатурасына 180 мемлекет қолдау білдірген.

 


Қазақстанның кандидатурасына 180 мемлекет қолдау білдірген.


7 маусым күні өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші пленарлық отырысында Қазақстан БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОК) құрамына 2022-2024 жылдарға сайланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.


Кеңес БҰҰ-ның экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметін үйлестіруге жауапты негізгі орган және осы салалардағы өзекті проблемалар бойынша шешімдерді ілгерілетуге арналған орталық алаң болып табылады.


«Қазақстан ЭКОСОК-та жаһандық Орнықты даму саласындағы мақсаттарды тиімді іске асыру және Орталық Азиядағы неғұрлым маңызды гуманитарлық проблемаларды шешу үшін халықаралық қаржы және сауда ұйымдарымен ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге ниетті.



Кеңеске мүшелік Қазақстанға экономика, әлеуметтік сала және мемлекеттік басқару реформаларын жүзеге асыру мақсатында табысты әлемдік тәжірибені тартуға да ықпал ететін болады», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.



Мәлім етілгендей, дауыс беру қорытындысы бойынша БҰҰ ЭКОСОК мүшелігіне АҚШ, Ауғанстан, Белиз, Бельгия, Италия, Канада, Кот-д'Ивуар, Маврикий, Оман, Перу, Танзания, Тунис, Үндістан, Хорватия, Чехия, Чили және Эсватини өтті.


«Қазақстанның кандидатурасын 180 мемлекет қолдады. Бұған дейін Қазақстан БҰҰ ЭКОСОК құрамына 2007–2009 және 2014–2016 жылдар кезеңіне екі рет сайланды», - деп нақтылады сыртқы саясат ведомствосынан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.