ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Болон процесі бақылау тобының тең төраға...

Қазақстан Болон процесі бақылау тобының тең төрағасы болды

Саясат 23.02.2022, 06:22 1,745
Қазақстан Болон процесі бақылау тобының тең төрағасы болды
Сурет: Egemen.kz
Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесі бақылау тобының (Bolonga follow-Up Group - BFUG) тең төрағасы болып бекітілді

Қазақстан Чехиямен бірге Болон процесі бақылау тобының (Bolonga follow-Up Group - BFUG) тең төрағасы болып бекітілді


Еліміз 2022 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында тең төрағалық етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Сондай-ақ Қазақстан келесі жылдың басынан бастап BFUG басқарушы кеңесінің құрамына (BFUG Board) кіреді.



«Қазақстанның BFUG-ға тең төрағалық етуі бұл жоғары жауапкершілік әрі еліміздің халықаралық деңгейде мойындалуын білдіреді. Болон процесінің құрамына 48 мемлекет кіреді, олардың ішінде Швейцария, Франция, Ұлыбритания, Испания, Италия және т.б. елдер бар. Ал Қазақстан бірыңғай білім беру процесінің мүдделерін білдіру туралы ұсынысы еуропалық білім беру жүйесінде қазақстандық жоғары білім жүйесінің беделінің артқанын көрсетеді», - деді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев.



Қазақстан Болон процесі бақылау тобының тең төрағасы ретінде шетелдік әріптестермен күш-жігерді біріктіру мақсатында жоғары білім саласындағы өзекті мәселелерді халықаралық деңгейде талқылауға бастамашылық етуді көздеп отыр.


Оның ішінде бейресми, педагогикалық білім беруді дамыту, білім сапасын бағалауды қамтамасыз ету, сонымен бірге Орталық Азия кеңістігінде Болон процесінің озық тәжірибесін тарату мәселелері бар.


Айта кетейік, Қазақстан 10 жылдан астам уақыт бойы Болон процесінің толыққанды мүшесі болып келеді. Оның параметрлері жоғары білім беру жүйесіне белсенді түрде енгізілді. Сондай-ақ Қазақстан барлық көрсеткіш бойынша өз міндеттемелерін орындады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.