Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына қ...

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына қосылды

Әлеумет 04.11.2024, 17:15 1,347
Қазақстан бокс федерациясы World Boxing құрамына қосылды
©️ olympic.kz

Қазақстанның бокс федерациясы ресми түрде World Boxing-тің толыққанды мүшесі атанды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап. 

Бұл туралы АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен World Boxing халықаралық бокс федерациясының Конгресінде хабарланды.

 
 

Бүгінде World Boxing (WB) ұйымына 55 ел кіріп отыр.

Конгресс барысында ХОК мақұлдаған WB Жарғысына енгізілген өзгерістер туралы пікірталас болды. 

Сонымен қатар жарыс өткізу регламентіне енгізілген өзгерістер  де қабылданды. Атап айтқанда, турнирлер жаңа салмақ дәрежелерінде өткізілетін болады. Сондай-ақ төрешілердің жекпе-жек барысындағы және жеңімпаздарды анықтау кезіндегі жұмысына да өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Конгресс қатысушыларының алдында сөз алып, U19 жасөспірімдер арасындағы алғашқы әлем чемпионатын және Конгресті ұйымдастырғаны үшін US Boxing ұйымына алғыс білдірді.

Өз сөзінде ол Португалияда өткен Ұлттық Олимпиада комитеттері қауымдастығының (ҰОКҚ) Бас Ассамблеясында әртүрлі елдердің Ұлттық Олимпиада комитеттері және Олимпиада қозғалысының өзге де спорттық ұйымдарымен кездесулер өткізген World Boxing Олимпиадалық комиссиясының жетістіктерін атап өтті.

Конгресс барысында Қазақстанның бокс федерациясы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына іріктеу турнирі ретінде 2027 жылғы бокс бойынша әлем чемпионатын өткізуге өтінім берді. Әлемдік ұйымның шешімі жақын арада белгілі болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бокс #World Boxing #Геннадий Головкин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.