ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету...

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фитосанитариялық бақылау жүйесін жетілдіреді

Әлеумет 26.11.2025, 15:27 310
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін фитосанитариялық бақылау жүйесін жетілдіреді
Сурет: Gov.kz
Халықаралық сауданың өсуі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымының артуы жағдайында фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері ерекше маңызға ие болып отыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Халықаралық сауданың өсуі және ауыл шаруашылығы өнімдерінің айналымының артуы жағдайында фитосанитариялық қауіпсіздік мәселелері ерекше маңызға ие болып отыр, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Зертханалық зерттеулерді қоса алғанда, карантинге жатқызылатын өнімді тиімді бақылау – ішкі нарықты қорғаудың және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы.

2025 жылғы 24 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында карантиндік фитосанитариялық сараптаманы ақылы негізде жүргізудің жаңа тәртібі пилоттық режимде енгізілді. Бұл шешім Өзбекстан, Әзербайжан, Қытай, Беларусь және Ресей тәжірибесін ескере отырып қабылданды және көршілес мемлекеттермен тең жағдай қалыптастыруға бағытталған. Сараптаманы «Фитосанитария» ШЖҚ РМК жүргізеді.

Жаңа тәртіптің тиімді жұмыс істеуі үшін аталған облыстарға карантинге жатқызылатын өнім жеткізілетін бақылау пункттері айқындалды. Экспортталатын өнімге арналған зертханалық сараптама еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылған.

Тәртіпті енгізуге дейін сыртқы сауда қызметіне қатысушылармен түсіндіру кездесулері өткізілді. Территориялық бөлімшелер мен зертханалардың мамандары қажетті оқыту курсынан өтті. Инспекция басшыларына сараптамалардың сапалы және уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды.

Жаңа тәртіп фитосанитариялық қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сараптамалардан түсетін қаражат саланы дамытуға – зертханалық жабдықтарды жаңартуға, материалдық-техникалық базаны нығайтуға және мамандардың біліктілігін арттыруға бағытталатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.