ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Еуропаға «жас...

Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Еуропаға «жасыл» энергия экспорты бойынша жоба жасайды

Экономика 15.11.2023, 11:50 2,061
Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан Еуропаға «жасыл» энергия экспорты бойынша жоба жасайды
Сурет: Энергетика министрлігі
Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан «жасыл» энергетика экспорты бойынша техникалық тапсырма мен бірлескен кәсіпорын дайындау туралы келісті.

Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан «жасыл» энергетика экспорты бойынша техникалық тапсырма мен бірлескен кәсіпорын дайындау туралы келісті.


Баку қаласында өткен Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстан энергетика және экономика министрлерінің Орталық Азия елдерінен Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға электр энергиясын экспорттау перспективаларын талқылау жөніндегі кездесуінде тиісті келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.


Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшылары бірлескен коммюникеге қол қойды, онда елдердің жаңартылатын энергия саласындағы әлеуетін және баламалы көздерден алынған электр энергиясын Еуропаға экспорттау жобасына қосылуға дайындығын атап өтті.


Қатысушылар жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудара отырып, энергия алмасу саласындағы, жасыл сутегі мен жасыл аммиакты әзірлеу және экспорттау мүмкіндіктері және ілеспе инфрақұрылымдық саласындағы ынтымақтастық жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.


Әзірленген және бекітілген техникалық тапсырма негізінде алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға тендер жарияланатын болады. Сондай-ақ, қатысушылар жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру перспективасын зерделеуге келісті.


Экономика және энергетика министрлері деңгейіндегі келесі кездесу Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.