ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Қазақстан-Әзірбайжан алғашқы туристік форумы өтті

Қазақстан-Әзірбайжан алғашқы туристік форумы өтті

Әлем 24.07.2024, 20:55 978
Қазақстан-Әзірбайжан алғашқы туристік форумы өтті
Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігі
Елші Әлім Байел Қазақстан мен Әзірбайжанның стратегиялық әріптес және одақтас екенін атап өтті.

Елші Әлім Байел Қазақстан мен Әзірбайжанның стратегиялық әріптес және одақтас екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы Елшілігінде туризм саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдету және екі ел арасындағы туристік ағынды ұлғайтуға бағытталған Қазақстан-Әзірбайжан туристік форумы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Шараға Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшісі Әлім Байел, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, «KazakhTourism» ҰК» АҚ, Әзірбайжан Мемлекеттік туризм агенттігі мен Туризм бюросының, AirAstana және FlyArystan әуе компанияларының, Қазаақстан және Әзірбайжан туристтік гидтер қауымдастықтарының өкілдері, Алматы және Шымкент қалалары, Маңғыстау облысы туризм басқармаларының басшылары, екі елдің ірі туристік компаниялары, журналистер, танымал әзербайжандық блогерлер, барлығы 70-тен астам адам қатысты.

Елші Әлім Байел құттықтау сөзінде Қазақстан мен Әзірбайжанның стратегиялық әріптес және одақтас екенін атап өтті. Екіжақты ынтымақтастық барлық салада, соның ішінде туризмде де қарқынды дамып келеді. Дипломат қазақстандықтардың Әзірбайжанға, ал әзірбайжандықтардың Қазақстанға деген қызығушылығы артып келе жатқанын айтты. 

Ә. Байел 2023 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, өткен жылы Орталық Азиядан Әзірбайжанға келген әрбір екінші туристтің Қазақстаннан келгенін атап өтті. Былтыр Әзірбайжанға 58 мың қазақстандық турист келген. 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында болса Әзірбайжанға 38 мыңнан астам қазақстандық турист келіп үлгерген. Жалпы, Әзірбайжанға туристік ағынның өсу динамикасы бойынша Қазақстан, Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орында тұр.

Кездесу барысында Қазақстанның туризім саласының өкілдері форумға қатысушыларға еліміздің танымал туристік бағыттары туралы айтып берді, Қазақстанның бірегей және көркем табиғатын паш етті, сондай-ақ алдағы 8-14 қыркүйекте Астана қаласында өтетің 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары туралы ақпарат берді.   

Шара аясында AirAstana мен FlyArystan әуе компаниялары лотерея ұйымдастырды. Жеңімпаздарға Әзірбайжаннан Қазақстанға тегін әуе билеттері табыс етілді. 

Сонымен қатар, форум аясында екі елдің туристік фирмаларының В2В кездесулері өтіп, Қазақстан және Әзірбайжан туристік гидтер қауымдастықтары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. 

Осы ретте, 2024 жылдың шілдесінде әзірбайжандық саяхат блогерлерінің Қазақстанға бірінші туры өтіп, оның барысында олар Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында болды. Форум барысында турға қатысушылар Қазақстаннан алған әсерлерімен бөлісті.  Форумға қатысушылар мұндай іс-шаралардың Қазақстанға туристік сапармен келушілердің санын арттырады деген сенімдерін білдірді.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,265 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.