ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қазақстан АӨСШК төрағалығын Әзірбайжанға тапсырды

Қазақстан АӨСШК төрағалығын Әзірбайжанға тапсырды

Саясат 18.12.2024, 08:23 877
Қазақстан АӨСШК төрағалығын Әзірбайжанға тапсырды
Сурет: Gov.kz
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 7-ші Сыртқы істер министрлерінің отырысы онлайн форматта өтті.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) 7-ші Сыртқы істер министрлерінің отырысы онлайн форматта өтті.

Оның барысында Қазақстан Республикасы ұйымдағы төрағалығын ресми түрде Әзербайжан Республикасына тапсырды, деп хабарлайды aqshamnews.kz СІМ сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанның төрағалығы кезіндегі АӨСШК-тің негізгі жетістіктерін атап өтіп, ұйымның төрт жылдық жұмысын қорытындылады.

Атап айтқанда, 2022 жылғы қазанда Астанада өткен АӨСШК 6-шы Саммитінің қорытындысы бойынша іске қосылған трансформация үдерісіне ерекше назар аударылды. 2023 жылғы қыркүйекте қабылданған Трансформация жөніндегі жол картасына сәйкес, Қазақстан төрағалығы Кеңес Жарғысының жобасын әзірлеп, келістіру үдерісін бастады. Аталған кезеңде Қазақстан Талдау орталықтар форумы, Даналар кеңесі және АӨСШК қоры сияқты үш жаңа органның ашылуына бастамашылық етті.

Сонымен қатар, М. Нұртілеу өз сөзінде өңірлік транзит-көліктік өзара байланыс, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және климаттың өзгеруі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы саяси басымдықтарын атап өтті.

Министр Қазақстан АӨСШК-тің бұдан әрі дамуына бейілді екенін растап, оның бірегей форматы мен географиясын ескере отырып, Кеңестің елеулі перспективалары мен зор болашағына сенім білдірді.

Отырыс барысында қатысушылар мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін Қағидаттар декларациясының 25-жылдығы туралы мәлімдеме, Сенім шараларын жүзеге асыру модальділігі туралы шешім, Сенім шараларының жаңартылған каталогы сияқты бірқатар құжаттарды қабылдады. Сондай-ақ АӨСШК мүше мемлекеттердің жетекші университеттерінің Серіктестік желісін іске қосты.

Іс-шара қорытындысы бойынша мүше мемлекеттер АӨСШК-тегі қазақстандық төрағалықтың жұмысына жоғары баға беріп, Кеңесті институттандырудағы айтарлықтай жетістіктерін атап өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қытай, Пәкістан, Бангладеш, Шри-Ланка, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа да мүше мемлекеттер мен байқаушы елдердің сыртқы саяси ведомстволары басшылары, сонымен қатар БҰҰ, Халықаралық көші-қон ұйымы, Араб мемлекеттері Лигасы, ТүркПА, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, ШЫҰ, ЕЭК және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы сияқты 9 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.