Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан әлемдегі қылмыс деңгейі бойынша нешінші...

Қазақстан әлемдегі қылмыс деңгейі бойынша нешінші орында?

Әлеумет 16.08.2022, 04:32 2,474
Қазақстан әлемдегі қылмыс деңгейі бойынша нешінші орында?
bugin.kz

Қазақстан әлемдегі қылмыс деңгейі бойынша 47-орында тұр, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz inbusiness.kz сілтеме жасап. 


Қазақстан 2022 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қылмыс деңгейі бойынша 142 елдің ішінде 47-орында болды. Аталған кезең ішінде елде 87,1 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 1,1%-ға артық.  


Қылмыс деңгейі қылмыс индексін бағалау негізінде есептеледі. Мысалы, 0-ден 19,99-ға дейінгі индекс қылмыстың өте төмен деңгейін білдірсе, 20-39,99 аралығындағы индекс төмен деңгейін көрсетеді. 40-тан 59,99-ға дейін қылмыстың орташа деңгейін, ал 60-тан 79,99-ға дейін жоғары деңгейін білдіреді. Индекс 80-нен жоғары болса, қылмыстың деңгейі де өршіп тұрғанын көрсетеді. 



Әлемдегі қылмыс деңгейі ең жоғары елдер қатарын Венесуэла (83,16)  мен Папуа-Жаңа Гвинеяға (80,26) бастап тұр. Бестіктер қатарына Ауғанстан (78,19), ОАР (75,37) және Гондурас (74,66) елдері кірген. Беларусь (32-орын) пен Қырғызстанда (36-орын) қылмыстың орташа деңгейі тіркелген. Ал, қылмыстың төмен деңгейі байқалған елдер ішінде Ресей, Армения және Өзбекстан бар. 



Әлем бойынша Катар, БАӘ, Тайваньда қылмыстың ең төмен деңгейі байқалған. 


Осы тұста рейтингтегі орын неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс жағдайы соғұрлым нашар екендігін атап өту керек. Қылмыс деңгейі бойынша елдердің рейтингі жылына 2 рет жасалады. Оған соңғы 36 айдағы деректер пайдаланылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #қылмыс #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.