AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстан әлемде киберқауіпсіздік бойынша 31-орынд...

Қазақстан әлемде киберқауіпсіздік бойынша 31-орында тұр

Білім және ғылым 14.09.2022, 14:31 1,805 Almaty-akshamy
Қазақстан әлемде киберқауіпсіздік бойынша 31-орында тұр
Сурет: 24.kz

Технология бір орында тұрмайды


Қазақстан әлемдік киберқауіпсіздік рейтингінде 31-орында. Бұл айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Себебі 2015 жылы еліміз ақпараттық жүйелердің қорғалуы бойынша 118-орында болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
 
Кибершабуылдарға негізінен мемлекеттік органдар және банк жүйелері жиі ұшырайды. «Сондықтан киберқалқан жасаумен қатар компьютерлік бағдарламалардың әлсіз тұстарын дер кезінде анықтау маңызды», - дейді Алматыда өтіп жатқан киберқауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияға қатысушылар. 


Мәселен, бір жылда еліміздің ақпараттық жүйелерінде бір жарым мыңға жуық осалдық анықталған. Хакерлер мәліметтердің тарап кету жолдарын көрсетті. Осыған байланысты 2020 жылы республикада «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы қабылданған болатын. Дегенмен, технология бір орында тұрмайды. Халықаралық конференцияға қатысушылар кибершабуылдан сақтанудың жаңа жолдарын талқылап, электронды жүйелерді қорғау бойынша мамандарды жаңаша әдіспен  дайындау туралы ойларын ортаға салды.  



«Жас мамандар киберқауіптің алдын алуды, жүйені бұзуды меңгеруі тиіс. Олар қатардағы жауынгер сияқты болуы керек. Киберқалқан – бұл тек антивирус, сервер ғана емес. Киберқауіпсіздік үшін миллиардтаған қаржы жұмсағанмен, егер білікті маман жоқ болса, бәрі бекер. Бүгінгі халықаралық конференция жас мамандар үшін таптырмас тәжірибелік орта дер едім», - дейді Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сатиев.



«Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасына талдау жасағанда ақпараттық қауіпсіздік мамандығы бойынша 60-қа жуық білім гранты бөлінген болатын. 4 жылдың ішінде ол бірнеше есеге өсті. Қазір 2400 грант бөлінеді. Алдағы жылдары оны 10 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Еліміздің ақпараттық жүйелері лайықты қорғалған. Біріккен Ұлттар Ұйымының рейтингі мемлекеттің киберқауіпсіздік үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын дәлелдейді», - дейді ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мұстағұлов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киберқауіпсіздік #технология #ІТ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);