Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан 2025 жылы ЕXPO Osaka дүниежүзілік көрмес...

Қазақстан 2025 жылы ЕXPO Osaka дүниежүзілік көрмесіне қатысады

Әлеумет 17.07.2023, 05:22 828
Қазақстан 2025 жылы ЕXPO Osaka дүниежүзілік көрмесіне қатысады
Сурет: ашық дереккөз

Екіжақты кездесу Жапонияда өтті


Қазақстан Жапонияда өтетін EXPO көрмесіне қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


 Azattyq Ruhy-ның мәліметіне сүйенсек, «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басшылығы EXPO 2025 Osaka Ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен кездесіп, Қазақстанның көрмеге қатысу шартына қол қойылды. Қазақстан тарапынан шартқа Ұлттық секцияның бас комиссары Дәулет Еркімбаев, Жапония тарапынан қауымдастықтың Бас хатшысы Hiroyuki Ishige, EXPO 2025 Osaka Дүниежүзілік көрмесінің Бас комиссары Koji Haneda қол қойды.



«Жапонияда өтетін EXPO 2025 көрмесіне дайындықты бастап кеттік. Ұйымдастыру ісіне қатысты барлық сұрақ пен «Өмірлерді құтқару» тақырыптық кластерінде орналасатын павильонымызды толық пысықтаудамыз. Көрменің басталуына екі жыл бар, бірақ іс жүзінде аз уақыт қалды. Көрме 2025 жылдың 13 сәуірінде ашылып, 13 қазанында аяқталады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келуі тиіс, сондай-ақ 25 халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуы болжанады»,  – деді  Еркімбаев.



EXPO-2025 Жапонияның Осакадағы Юмешима жасанды аралында өтеді. Көрменің тақырыбы «Біздің өміріміз үшін болашақ қоғамын құру» деп аталады. Ол қосымша тағы үш тақырыпшадан тұрады: «Өмірлерді құтқару», «Құқық мен мүмкіндіктерді кеңейту» және «Өмірлерді біріктіру». Көрменің жалпы ауданы шамамен 155 га құрайды. Қазақстан павильоны Италия, Нидерланд, Сингапур және Болгария павильондарымен көршілес орналасатын болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #Жапония #EXPO 2025 Osaka
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.