AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / "Қазақконцерт" әртістері Душанбеде өнер көрсетті

"Қазақконцерт" әртістері Душанбеде өнер көрсетті

Мәдениет 17.09.2021, 16:17 1,279
"Қазақконцерт" әртістері Душанбеде өнер көрсетті
inform.kz

«Қазақконцерт» әртістері Шанхай ынтымақтастық ұйымының 20-шы мерейтойлық саммитінің гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.


Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Үндістан өкілдері бас қосқан бұл іс-шарада отандық әртістер қазақ мәдениетін жоғары дәрежеде көрсете білді.



«Ұлттық ән өнерінің үздік үлгілерін "Қазақконцерт" солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали ұсынды. Әнші белгілі композитор Бауыржан Ақтаевтың өңдеуіндегі «Молдабайдың әні» туындысын орындады. Б.Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен өнер көрсететін «Астана сазы» фольклорлық ансамблі де оның «Арнау» музыкалық шығармасын орындап, жиналған қауымды тәнті етті. Ұлы дала елінің мәдени болмысын жеткізе білген бұл туынды көпшіліктің зор ықыласына бөленді. Сондай-ақ шетелдік көрермендер «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы би композицияларын тамашалай алды», - деп атап өтеді "Қазақконцерт" баспасөз қызметінен.



"Қазақконцерт" әртістері өз өнері арқылы ШЫҰ-на мүше елдердің арасындағы ынтымақтастық және достық қарым-қатынастың нығаюына өз үлесін қосты. Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында отандық әртістер енді 18 қыркүйек күні Тәжікстанның Бохтар қаласында өтетін үлкен концертте өнер көрсетпек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Қазақконцерт» #Душанбе #өнер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);