AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / «Қазақфильмнің» Жұлдыздар аллеясы жаңа есіммен тол...

«Қазақфильмнің» Жұлдыздар аллеясы жаңа есіммен толықты

Не? Қайда? Қашан? 16.02.2022, 09:57 2,525
«Қазақфильмнің» Жұлдыздар аллеясы жаңа есіммен толықты
Cурет: Egemen.kz

«Қазақфильм» киностудиясының аумағында аты аңызға айналған кинорежиссер, КСРО Халық әртісі Шәкен Аймановтың туғанына 108 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Сондай-ақ жақында ғана 99 жасқа толған ҚР халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Померанцевке арналған ескерткіш жұлдыздың салтанатты ашылуы өтті.


Аталған шараға денсаулығына байланысты Юрий Померанцевтің өзі қатыса алмады. Салтанатты шараға «Қазақфильм» киностудиясы мен М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры басшылығы мен ұжымы, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының өкілдері, Шәкен Аймановтың туған-туыстары, белгілі киногерлер мен журналистер қатысты.



«Міне, 40 жылға жуық біздің киностудиямыз ұлы режиссер Шәкен Аймановтың есімімен аталып келеді. Ол біздің мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосты. Шәкен Кенжетайұлы замандастарымен бірге ұлттық киноның берік іргетасын қалады. Сондай-ақ, бүгін қазақ киносының Жұлдыздар аллеясында «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде басты рөлді сомдаған ҚР халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Борисович Померанцевке арналған атаулы жұлдыз жанды»,  - деді «Қазақфильм» киностудиясының президенті Ақан Сатаев.



Аталған шараға М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының директоры Юрий Якушев қатысып, киностудия басшылығына ілтипат білдіргені үшін алғыс айтып, келесі жылы Юрий Померанцевтің жүз жылдық мерейтойы тойланатынын атап өтті. Іс-шарадан кейін Қазақ киносының музейінде қонақтарға арналған шағын экскурсия өткізілді.


Экскурсия барысында «Қазақфильмнің» президенті Ақан Сатаев жиналғандарға жаңғырту бағдарламасы бойынша киностудияға сатып алынған жаңа кинотехниканы таныстырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Киностудия #әртіс #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);