ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Қазақ ұны АҚШ нарығына шықты: Amazon мен Walmart с...

Қазақ ұны АҚШ нарығына шықты: Amazon мен Walmart сөрелерінде сатылуда

Экономика 18.09.2025, 09:45 352
Қазақ ұны АҚШ нарығына шықты: Amazon мен Walmart сөрелерінде сатылуда
Сурет: Gov.kz
Қазақстан алғаш рет АҚШ нарығына экспорттық ұн жеткізуді бастады.

Қазақстан алғаш рет АҚШ нарығына экспорттық ұн жеткізуді бастады.

Алғашқы 50 тонна Eurasian Legacy брендімен шығарылған өнім Amazon, Walmart онлайн-дүкендерінде және Нью-Йорк наубайханаларында сатылымға шықты. 

Бұл – АҚШ-та ұлттық тауарымызды сатудың жаңа стратегиясы аясында жүзеге асқан алғашқы ірі экспорттық жоба. Алдағы уақытта QazTrade қолдауымен ай сайынғы жеткізілім көлемін 100 тоннадан асыру көзделіп отыр. QazTrade – ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы экспортты дамытуға жауапты бірыңғай оператор.

Amazon-дағы қазақ ұнының бағасы – 1,36 келі қаптамасы үшін $14,50. Қаптамада «Product of Kazakhstan» деген белгі бар. Бұл белгі «Қазақстанда жасалған» брендінің танымалдығын арттырып, экологиялық таза әрі сапалы өнім жеткізуші ел ретінде имиджімізді қалыптастырады.

Онлайн саудадан бөлек, қазір қазақстандық ұнды мейрамханаларға, кофеханаларға және жергілікті асханаларға жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Сонымен бірге, АҚШ-тың ірі сауда желілері – Costco, Whole Foods және Trader Joe’s дүкендеріне шығу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

«Біз ұнмен ғана тоқтап қалмаймыз. Қарақұмық, гранола, талқан, шоколад пен какаоны да таныстырдық. Нью-Йорк, Чикаго және Вашингтондағы серіктестеріміз бұл өнімдердің сапасын көрді. Американың нарығына шығу шілде айында Вашингтонда QazTrade кеңсесі ашылғаннан кейін мүмкін болды. Нәтижесінде дистрибьюторлар мен ритейлермен тікелей жұмыс істеуге жол ашылды. Енді осы қалаларда қазақстандық өндірушілердің бизнес-миссиясын өткізген дұрыс болады деп отырмыз. Бұл серіктестермен байланысты нығайтып қана қоймай, табиғи өнімдерді жоғары бағалайтын HoReCa сегментіне шығуға мүмкіндік береді», – деді QazTrade бас директоры Айтмұхаммед Алдажаров.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.