AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің...

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры тағайындалды

Барлығы 08.12.2025, 17:13 1,736
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры тағайындалды
Cурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры лауазымына Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы тағайындалды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бейбіткүл Сәрсемханқызы 1972 жылы 2 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында дүниеге келген. Білімі мен кәсіби жолын Қазақ қыздар педагогикалық институтында бастап, 1994 жылы «Қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдап, кейін аспирантурада білім алды. Филология факультетінде деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары және орыс филологиясы кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеген.

30 жылдық қызметінде білім саласында басшылық қызметтерді абыроймен атқарған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінің директоры, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры қызметтерін атқарған.

2020 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін Басқарма Төрағасы – Ректор ретінде басқарды. 2021 жылдан Қызылорда қалалық мәслихатының VII, VIII шақырылым депутаты. Оның басшылығымен университет студенттік контингентін екі еседен астам арттырды, халықаралық рейтингтерде жоғары көрсеткіштерге жетті, шетелдік университеттермен 12 бірлескен және 4 қосдипломдық білім беру бағдарламалары енгізілді.

Бейбіткүл Сәрсемханқызы кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыра отырып, Вашингтон (АҚШ), Франция, Финляндия, Оңтүстік Корея, Англия, Ұлыбритания және Грекияда біліктілікті арттыру бағдарламаларынан өткен. Ол тіл білімі, салыстырмалы грамматика, қазақстандық саясаткердің тілдік тұлғасы, жоғары білім берудегі интернационалдандыру, мектеп оқулықтарының сапасына арналған 90-нан аса ғылыми ғылыми еңбектің авторы.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті #Басқарма төрағасы-ректор #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);