Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ телевизиясына - 65 жыл

Қазақ телевизиясына - 65 жыл

Әлеумет 14.02.2023, 15:30 1,954
Қазақ  телевизиясына - 65 жыл
Сурет: Ашық дереккөз

1958 жылы 8 наурызда қазақ арнасының шаңырақ көтеруі ел тарихындағы елең еткізер жаңалық болды


ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Қазақ телевизиясының 65 жылдығы: таспадағы тарих» атты мәдени іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


1958 жылы 8 наурызда қазақ арнасының шаңырақ көтеруі ел тарихындағы елең еткізер жаңалық болды. Сол сәттен бүгінге дейін ұлттық құндылықтар мен мұраттарды насихаттауда ықпалды күшке айналды.


Тарихи деректерге сүйенсек, тұңғыш қазақ телеарнасының тырнақалды хабарын республика көрермендері 41­00 теледидардан тамшалаған. Желтоқсан айынан күнделікті 5 сағаттық хабар беріле бастады. 1970-жылдары телебайқаулар дүниеге келіп, 1980-жылдары ток-шоулармен толыққан. Осы жылдар ішінде телеарна сан түрлі өзгерістерді бастан кешірді. Алғашқы кассет­алы ауыр камералар мен сымы бар микрофондардың орнына сан қырлы техникалық мүмкіндігі бар цифрлық телевизия келді. Біртіндеп облыстық телестудиялар да өз жұмыстарын бастап, жергілікті халықты сапалы ақпаратпен қамтамасыз еткен. Ел өмірінде қандай елеулі оқиға болса, телевизия соның бел ортасында жүрді. Көк сандық қазақ көрерменін өркениетке ілестіре отырып, көмбеде қалған дүниесімен қайта қауыштырды. Ұлттық арна 2011 жылдың қыркүйек айынан бері 100 пайыз қазақ тілінде хабар тарата бастады.


Шарада  «Qazaqstan» телерадиокорпорациясы Алматы филиалының директоры Жиреншина Сәуле Жәнібекқызы, қазақ телевизиясының ардагерлері - диктор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Сейітов Ләскер Қалиұлы, журналист Қаймолдинов Төлеубай Смағұлұлы, диктор Бегембаева Фатима Мамырбекқызы қатысты. Олар телевизияның мәдениет пен өнерді дамытуға, ұлттың сананың оянып, өрісінің кеңеюіне орасан үлесі, ұлттық арнадағы қызығы мен қиындығы қатар жүрген ұмытылмас сәттерімен бөлісті.



ҚР Мемлекеттік орталық музейі директорының орынбасары Данияр Байжұманов еліміздің ұлттық мұрасын насихаттауда зор еңбек сіңірген ардагерлерге алғыс хаттар табыстады. Құттықтау сөзінде «Тамыры тереңге жайылған ұлттық арнаның тарихы, ол - елдің таспадағы тарихы. Бүгінде осы саланың жеткен жетістігі, алған асуы алдыңғы толқындағы зерделі, ойшыл, кәсіби мамандардың еңбегінің жемісі», - деді ол.


Шара соңында қонақтар «Қазақ телевизиясының 65 жылдығы: таспадағы тарих» тақырыбындағы көрмені тамашалады. Көрмеге музей қорынан 30-дан аса заттар қойылды. Атап айтқанда, жазу машиналарының, телефон және телеграф, теле,-радиоқабылдағыш құрылғыларының алғашқы үлгілері, сонымен бірге бүгінде күнделікті қолданыстан шыға қоймаған үлгілері көрсетілді.
Мәдени іс-шараға арнайы музыкалық бағдарламамен келген Қазақ ұлттық қыздар педагогика университетінің «Ұлар» этнофольклорлық ансамблі, «Томирис» би ансамблі мен «Асу» шоу-балет тобы өз өнерлерін көрсетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#телевизия #Мерейтой #музей
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.