ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ классикалық өнерінің корифейлеріне арналған...

Қазақ классикалық өнерінің корифейлеріне арналған «Қыз Жібек» операсы

Мәдениет 21.05.2025, 19:53 689
Қазақ классикалық өнерінің корифейлеріне арналған «Қыз Жібек» операсы
kazgor.kz
22 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын ұсынады. Бұл қойылым қазақ классикалық өнерінің негізін қалаған үш тұлғаның – Евгений...

22 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын ұсынады.

Бұл қойылым қазақ классикалық өнерінің негізін қалаған үш тұлғаның – Евгений Брусиловский, Қанабек Байсейітов және Құрманбек Жандарбековтің 120 жылдық мерейтойларына арналады. Қазақ опера өнерінің алтын қорына енген «Қыз Жібек» операсының премьерасы 1934 жылғы 7 қарашада өтті.

Бас партияларды орындаған Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков пен Қанабек Байсейітов туындының музыкалық материалын таңдауда, сондай-ақ композиторға қазақ музыкасын меңгеруге көмектесті. Операның музыкасы халық фольклорына негізделген, 50-ден астам күй мен ән енген.

Алғашқы режиссерлер – Қанабек Байсейітов пен Жұмат Шанин, либретто авторы – Ғабит Мүсірепов.

«Қандай музыка жазсам да – қазақша шығатын» деген Евгений Брусиловскийдің шығармашылығы қазақ ұлттық операсы мен кәсіби музыкалық мәдениетінің дамуына зор үлес қосты. Ол – қазақ композиторлық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, тұңғыш опералар мен симфониялардың авторы. Оның қаламынан тоғыз опера, төрт балет, тоғыз симфония және бес жүзден астам ән мен романс туған.

Сонымен қатар, ол 1945–1992 және 1992–2006 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны авторларының бірі.

Қанабек Байсейітов – Қазақ КСР-інің халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақ музыкалық театры мен ұлттық опера өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Режиссер, опера әншісі, драматург, театр және кино актері. 20-дан астам операны сахналап, 17 көркем фильмге түскен. «Абай» операсындағы Абай рөлі – шығармашылығының шыңы.

Құрманбек Жандарбеков – Қазақ КСР-інің халық артисі, актер, режиссер, ұстаз. Қазақтың кәсіби драма және музыкалық театрының негізін қалаушы. Абай атындағы театрдың құрылуына қатысқан. Жұбайы Шара Жиенқұловамен бірге қазақ би өнерін қайта жандандырып, ұлттық балеттерді сахналады. Ол 10 опера мен 3 балетті қойған, олардың қатарында қазақ балет өнеріндегі алғашқы туынды – «Қалқаман мен Мамыр» бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.