AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Qazaq Astyq Group» өсімдік майы өндірісін жылына...

«Qazaq Astyq Group» өсімдік майы өндірісін жылына 72 мың тоннаға дейін ұлғайтады

Әлеумет 01.04.2025, 14:44 896 dulatbekova
«Qazaq Astyq Group» өсімдік майы өндірісін жылына 72 мың тоннаға дейін ұлғайтады
Сурет: АШМ

«Qazaq Astyq Group» Абай облысында тазартылған өсімдік майын өндіретін жаңа желіні салу жобасын жүзеге асыруда.

 Күніне 200 тонна тазартылған май шығаратын өндірістік желінің іске қосылуы 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

АШм мәліметінше, бұл жоба компанияның өндірістік қуатын кеңейту және өнім көлемін жылына 72 мың тоннаға дейін арттырудағы маңызды қадам болмақ.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 8,3 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндіріс тәулігіне:

•522 тонна өсімдік майын,

•431 тонна шротты,

•2,6 тонна фосфатидті концентратты,

•36 тонна түйіршіктелген қауызды өңдеуге мүмкіндік береді.

Өндірістік желі тәулігіне 1200 тонна күнбағыс, сондай-ақ 800 тонна рапс пен зығыр тұқымын қайта өңдеуге бағытталған.

Шикізаттың негізгі жеткізушілері отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері мен Ресейден келген импорттаушылар болмақ. Жаңа кешеннің іске қосылуы компанияға ішкі нарықтың тазартылған күнбағыс майына деген сұранысын толық қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттық жеткізілімдерді де жолға қоюға мүмкіндік береді.

Дайын өнім мына елдерге экспортталатын болады: Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Польша, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Эстония.

Өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға бағытталған бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға және қазақстандық өнімдердің халықаралық нарықтағы үлесін арттыруға айтарлықтай үлес қоспақ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Qazaq Astyq Group» #тазартылған өсімдік майы #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);