AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Қазақ әдебиетінің абызына арналған зал ашылды

Қазақ әдебиетінің абызына арналған зал ашылды

Тұлға 29.07.2021, 08:21 1,818
Қазақ әдебиетінің абызына арналған зал ашылды
Сурет: Lenta.inform.kz

Болашақта Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы керемет оқу залында шығармашылық және поэзия кештері ұйымдастырылатын болады.


Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық академиялық кітапханасы Altyn Qyran Foundation қоғамдық қорының ұйымдастырушылық-қаржылық қолдауымен қазақ әдебиетінің абызы Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы зал ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Айқын» басылымының хабарлауынша, жиын барысында «Ә.Нұрпейісов шығармашылығы және әлемдік әдеби үдеріс» атты халықаралық онлайн конференция ұйымдастырылды.



 «Оның бір ғана «Қан мен тер» трилогиясы мен «Соңғы парыз» дилогиясы күллі қазақ әдебиетінің табысы десек қателеспейміз. Өздеріңізге мәлім, «Қан мен тер» трилогиясы 30-дан астам шет тілдеріне аударылды, дәл осы шығарманың желісі бойынша 2 бөлімнен тұратын кинотуынды түсірілген. Ол – Арал теңізінің тартылып бара жатқанына алғаш болып қабырғасы қайысып, «Соңғы парыз» романы арқылы Арал экологиясына дүние жүзі қайраткерлерінің назарын аудартқан қазақ қаламгерлерінің ақсақалы. Жазушы Ә.Кекілбайұлы бұл шығарманы ұлттық прозамыздағы оқшау құбылысқа, жаңа әдебиетіміздің жаңа арнасын салып беретін алғашқы мұз жарғышқа теңеді», -деді жиында сөз алған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызы.



Залды ашудағы мақсаты – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің шығармашылық мұрасын, жинаған кітапханасын елге таныстыру, кітап және кітап оқуды ілгерілету, кітапхананың имиджін көтеру. 


Сондай-ақ, қаламгердің шығармашылық мұрасын зерттей отырып, қазақ классикалық және қазіргі заманғы әдеби шығармаларды жастардың оқуына ықпал ету, оқу мәртебесін көтеру, кітапханаға оқырман тарту, оқу мәдениетін дамыту және жас ұрпақтың зияткерлік деңгейін арттыру мен рухани танымын байыту.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әдебиет #нұрпейісов #зал #кітапхана #мәдениет #райымқұлова
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);